HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу
Кіріспе
Осы сканерлеу мүмкіндігін пайдалану үшін өнім желіге қосылған болуы керек. Реттемегенше бұл
сканерлеу мүмкіндігі қол жетімді емес. Бұл мүмкіндікті реттеу үшін толық бағдарламалық құралды
орнатудың бөлігі ретінде өнім үшін HP өнімдер тобында орнатылатын Scan to Network Folder Setup Wizard
елілік қалтаға сканерлеу параметрлерін орнату шеберін) (Windows) пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл
мүмкіндіктерді реттеу үшін HP ендірілген веб-серверін пайдалануға болады. Төмендегі нұсқауларда Scan
to Network Folder Setup Wizard (Желілік қалтаға сканерлеу параметрлерін орнату шеберін) және
HP ендірілген веб-серверін пайдалана отырып мүмкіндікті реттеу сипатталады.
Scan to Network Folder Wizard (Желілік қалтаға сканерлеу параметрлерін орнату шеберін) (Windows)
пайдалану
HP ендірілген веб-сервері арқылы желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін реттеу (Windows)
Желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін Mac жүйесінде реттеу
Scan to Network Folder Wizard (Желілік қалтаға сканерлеу параметрлерін орнату
шеберін) (Windows) пайдалану
Кейбір HP өнімдерінде бағдарламалық құрал ықшам дискісінен драйверді орнатуға болады. Осы
орнатудың соңында Setup Scan to Folder and Email (Қалтаға және электрондық поштаға сканерлеу
параметрлерін орнату) опциясы болады. Параметрлерді орнату шеберлері негізгі реттеу опцияларын
қамтиды.
Орнатудан кейін Startастау) түймешігін басу, Programsағдарламалар) немесе All Programs (Барлық
бағдарламалар) элементін таңдау, одан кейін HP элементін басу арқылы орнату шеберін ашыңыз. Өнім
атауы элементін басыңыз, одан кейін реттеу процесін бастау үшін Scan to Network Folder Wizard (Желілік
қалтаға сканерлеу шебері) бағдарламасын басыңыз.
1. Жаңа желілік қалтаны қосу үшін New (Жаңа) түймешігін басыңыз.
2. Желілік қалта мекенжайын енгізіңіз немесе бөлісетін қалтаны табу үшін Browse (Шолу) түймешігін
басыңыз. Басқару тақтасында көрсетілетін көрсетілетін атауды енгізіңіз. Nextелесі) түймешігін
басыңыз.
3. Қалтаны басқа пайдаланушылармен бөлісу үшін сол опцияның құсбелгісін қойыңыз. Қажет болса
қауіпсіздік PIN кодын енгізіңіз. Nextелесі) түймешігін басыңыз.
4. Пайдаланушы аты мен құпия сөзін енгізіңіз. Nextелесі) түймешігін басыңыз.
5. Ақпаратты қарап шығыңыз және барлық параметрлер дұрыс екенін тексеріңіз. Егер қате болса, қатені
түзету үшін Back (Артқа) түймешігін басыңыз. Аяқтағанда реттеуді сынау және параметрлерді
орнатуды аяқтау үшін Save and Test (Сақтау және сынау) түймешігін басыңыз.
HP ендірілген веб-сервері арқылы желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін реттеу
(Windows)
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
KKWW Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу 55