HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: егер SMTP серверінің атауы, SMTP портының нөмірін немесе түпнұсқалық растамасының
ақпаратын білмесеңіз, ақпарат алу үшін электрондық пошта/интернет қызметінің провайдеріне
немесе жүйелік әкімшіге хабарласыңыз. SMTP сервер атауларын және порт атауларын әдетте
интернетте іздеуді орындап оңай табуға болады. Мысалы, іздеу үшін «gmail smtp серверінің атауы»
немесе «yahoo smtp серверінің атауы» сияқты терминдерді пайдаланыңыз.
5. Ақпаратты қарап шығыңыз және барлық параметрлер дұрыс екенін тексеріңіз. Егер қате болса, қатені
түзету үшін Back (Артқа) түймешігін басыңыз. Аяқтағанда реттеуді сынау және параметрлерді
орнатуды аяқтау үшін Save and Test (Сақтау және сынау) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бірнеше электрондық пошта тіркелгісіне сканерлеу үшін қосымша шығыс электрондық
пошта профильдерін жасаңыз.
HP ендірілген веб-сервері арқылы электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін
реттеу (Windows)
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Байланыс ақпараты
түймешігін басып, IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Connected (Желіге
қосылған) түймешігін немесе Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу) түймешігін басыңыз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін басыңыз.
EWS ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS серверін ашқан кезде веб-шолғыш There is a problem with this website’s
security certicate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатында қате бар) хабары пайда болса,
Continue to this website (not recommended) (Осы веб-сайтқа өту) (ұсынылмайды)) түймешігін
басыңыз.
HP құрылғысына арналған EWS серверінің ішінде жылжу кезінде Continue to this website (not
recommended) (Осы веб-сайтқа өту) (ұсынылмайды)) опциясын таңдасаңыз, ол компьютерді
зақымдамайды.
2. Scan (Сканерлеу) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ шарлау тақтасында Scan to E-mail Setup (Электрондық поштаға сканерлеу параметрлерін
орнату) сілтемесін басыңыз.
4. Scan to E-mail Setup (Электрондық поштаға сканерлеу параметрлерін орнату) бетінде реттейтін
параметрлер тізімі болады. Сондай-ақ, бұл параметрлердің тізімі сол жақ шарлау тақтасында
беріледі. Бастау үшін Outgoing E-mail Proles (Шығыс электрондық пошта профильдері) сілтемесін
басыңыз.
5. Outgoing E-mail Proles (Шығыс электрондық пошта профильдері) бетінде New (Жаңа) түймешігін
басыңыз.
60 6-тарау Сканерлеу KKWW










