HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: SMTP серверінің параметрі туралы ақпаратты желілік әкімшіден немесе Интернет
қызметінің провайдерінен сұраңыз. SMTP сервері үшін түпнұсқалық растама қажет болса, онда
SMTP пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзін де білуіңіз керек. SMTP сервер атауларын
және порт атауларын әдетте интернетте іздеуді орындап оңай табуға болады. Мысалы, іздеу
үшін «gmail smtp серверінің атауы» немесе «yahoo smtp серверінің атауы» сияқты терминдерді
пайдаланыңыз
Optional PIN (Қосымша PIN) аумағында PIN кодын енгізіңіз. Электрондық пошта мекенжайын
пайдаланып электрондық пошта жіберілген сайын бұл PIN коды талап етіледі.
E-mail Message Preferencesлектрондық хабарлардың параметрлері) аумағында хабарлардың
параметрлерін реттеңіз
.
6. Электрондық пошта мекенжайларын өнімнен қол жеткізуге болатын мекенжайлар кітабына қосу
үшін E-mail Address Bookлектрондық пошта мекенжайлары кітабы) сілтемесін басыңыз және қажет
ақпаратты енгізіңіз. Жекелеген электрондық пошта мекенжайларын немесе электрондық пошта
топтарын орнатуға болады.
7. Әдепкі опцияларды реттеу үшін E-mail optionsлектрондық пошта опциялары) сілтемесін басыңыз.
Әдепкі электрондық хабар тақырыбын, негізгі мәтінді және басқа сканерлеу параметрлерін енгізіңіз.
8. Параметрлерді орнатуды аяқтау үшін Save and Test (Сақтау және сынау) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бірнеше электрондық пошта тіркелгісіне сканерлеу үшін қосымша шығыс электрондық
пошта профильдерін жасаңыз.
KKWW Электрондық поштаға сканерлеу 63