HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
Scan to email (Электрондық поштаға сканерлеу)
Файлды электрондық пошта мекенжайына тікелей сканерлеу үшін, өнімнің басқару тақтасын
пайдаланыңыз. Сканерленген файл электрондық пошта хабарламасының тіркелгісі ретінде мекенжайға
жіберіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін өнім желіге қосылған болуы керек және Scan to Email
(Электрондық поштаға сканерлеу) мүмкіндігін Scan to Email Setup Wizard (Электрондық поштаға
сканерлеуді реттеу шеберін) (Windows) немесе HP ендірілген веб-серверін пайдалана отырып реттеу
керек.
1. Құжатты сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сай салыңыз.
2. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Scan (Сканерлеу) түймешігін түртіңіз.
3. Scan to E-mail(Электрондық поштаға сканерлеу) элементін түртіңіз.
4. Send an E-mail(Электрондық поштаға жіберу) элементін түртіңіз.
5. Пайдаланылатын From(Жіберуші) мекенжайын таңдаңыз. Сондай-ақ, бұл «шығыс электрондық
пошта профилі» ретінде белгілі.
ЕСКЕРТПЕ: PIN мүмкіндігі орнатылған болса, PIN кодын енгізіп, OK түймешігін түртіңіз. Дегенмен, бұл
мүмкіндікті пайдалану үшін PIN коды қажет емес.
6. To (Алушы) түймешігін түртіп, файл жіберілетін мекенжайды немесе топты таңдаңыз. Аяқтаған кезде
Done(Орындалды) түймешігін түртіңіз.
● Хабарды басқа мекенжайға жіберу үшін New (Жаңа) түймешігін қайта басып, электрондық
мекенжайды енгізіңіз.
7. Тақырып жолын қосу керек болса, Subject(Тақырып) түймешігін түртіңіз.
8. Next(Келесі) түймешігін түртіңіз.
9. Басқару тақтасы экранында сканерлеу параметрлері көрсетіледі.
● Параметрлердің біреуін өзгерткіңіз келсе, Settings(Параметрлер) түймешігін түртіп, параметрді
өзгертіңіз.
● Егер параметрлер дұрыс болса, келесі қадамға өтіңіз.
10. Сканерлеу тапсырмасын бастау үшін Scan(Сканерлеу) түймешігін түртіңіз.
64 6-тарау Сканерлеу KKWW










