HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Факстерді жіберуді және алуды реттеу
Бастау алдында
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
2-қадам: факсті реттеу
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу
4-қадам: факс сынағын орындау
Бастау алдында
Факс қызметін қоспай тұрып өнім толығымен реттелгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: өнімді телефон ұясына жалғау үшін өніммен бірге жеткізілген телефон кабелін және кез
келген адаптерлерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: сериялық телефон жүйелері пайдаланылатын елдерде/аймақтарда өніммен бірге адаптер
жеткізіледі. Өнім жалғанған телефон ұясына басқа телекоммуникациялық құрылғыларды жалғау үшін
адаптерді пайдаланыңыз.
Келесі төрт қадамның әрқайсысындағы нұсқауларды орындаңыз:
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау (68-бет).
2-қадам: факсті реттеу (69-бет).
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (73-бет).
4-қадам: факс сынағын орындау (75-бет).
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
Қолданылатын орнату әдісін анықтау үшін келесі жабдық және қызмет түрлерін қарап шығыңыз.
Қолданылатын әдіс телефон жүйесінде орнатып қойылған жабдыққа және қызметтерге байланысты.
ЕСКЕРТПЕ: өнім аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы өнімді арнаулы аналогтық
телефон желісінде пайдалануды ұсынады.
Арнайы бөлінген телефон желісі: өнім телефон желісіне қосылған жалғыз жабдық немесе қызмет
болып табылады
Дауыстық қоңыраулар: дауыстық және факс қоңыраулары бір телефон желісін пайдаланады
Автожауапбергіш: автожауапбергіш факс қоңыраулары үшін қолданылатын телефон желісінде
дауыстық қоңырауларға жауап береді
Дауыстық пошта: дауыстық поштаға жазылым қызметі факспен бірдей телефон желісін пайдаланады
Ерекше қоңырау шалу қызметі: бірнеше телефон нөмірін бір телефон желісімен байланыстыруға
мүмкіндік беретін телефония компаниясының қызметі, әр нөмірдің қоңырау үлгісі басқаша болады;
өнім өзіне белгіленген қоңырау үлгісін анықтайды және қоңырауға жауап береді
Компьютердің терілмелі модемі: компьютер терілмелі қосылым арқылы Интернетке қосылу үшін
телефон желісін пайдаланады
68 7-тарау Факс KKWW