HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
2. Өнімді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Өнімді қосыңыз.
ә. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
г. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін түртіңіз.
ғ. Automatic (Автоматты) параметрін түртіңіз.
3. 3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (73-бет) бөліміне өтіңіз.
Ортақ дауыс/факс желісі
Өнімді ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Телефон кабелін құрылғыдағы факс портына және қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір елдерде/аймақтарда өніммен бірге берілген телефон кабеліне адаптер қажет
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір өнімдерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Өнімдегі
белгішелерді қараңыз.
70 7-тарау Факс KKWW










