HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
3. Өнімнің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз, одан кейін телефонды осы
портқа жалғаңыз.
4. Өнімді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Өнімді қосыңыз.
ә. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
г. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін, одан кейін Automatic (Автоматты) параметрін
түртіңіз.
5. Өнімді факсті жіберу алдында теру үнін тексеруге реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде өнімнің факс жіберуін
болдырмайды.
а. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
ә. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
б. Advanced Setup (Кеңейтілген параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Detect Dial Tone (Теру үнін анықтау) параметрін, одан кейін On (Қосу) күйін түртіңіз.
6. 3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (73-бет) бөліміне өтіңіз.
Автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісі
Өнімді автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Өнімнің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз.
KKWW Факстерді жіберуді және алуды реттеу 71










