HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
ғ. Құрылғының басқару тақтасындағы сандық пернетақтаны пайдаланып қоңыраулардың санын
5 немесе одан көп етіп орнатып, OK түймешігін басыңыз.
д. Негізгі мәзірге оралу үшін негізгі экран түймешігін басыңыз.
6. Өнімді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
ә. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
б. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін, одан кейін Automatic (Автоматты) параметрін
түртіңіз.
г. Негізгі мәзірге оралу үшін негізгі экран түймешігін басыңыз.
7. Өнімді факсті жіберу алдында теру үнін тексеруге реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде өнімнің факс жіберуін
болдырмайды.
а. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
ә. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
б. Advanced Setup (Кеңейтілген параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Detect Dial Tone (Теру үнін анықтау) параметрін, одан кейін On (Қосу) күйін түртіңіз.
8. 3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (73-бет) бөліміне өтіңіз.
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу
Өнімнің факс параметрлерін келесі әдістердің біреуін пайдаланып реттеңіз:
● HP факс орнату шебері (73-бет) (ұсынылған әдіс)
● Өнімнің басқару тақтасы (74-бет)
● HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP құрылғысының құралдар жинағы (Windows) (74-бет)
(бағдарлама орнатылған болса)
ЕСКЕРТПЕ: Америка Құрама Штаттарында және көптеген басқа елдерде/аймақтарда уақытты, күнді және
факс тақырыбының басқа мәліметтерін орнату заң талабы болып табылады.
HP факс орнату шебері
Бастапқы параметрлерді орнатудан және бағдарламаны орнатудан кейін мына қадамдарды орындау
арқылы факс параметрлерін орнату шеберін ашыңыз:
1. Start (Бастау) мәзірінде Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP түймешігін, өнім атауын, одан кейін HP Fax Setup Wizard (HP факс параметрлерін орнату шебері)
құралын басыңыз.
KKWW Факстерді жіберуді және алуды реттеу 73










