HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

3. Факс параметрлерін реттеу үшін HP Fax Setup Wizard (HP факс параметрлерін орнату шебері) бетінде
көрсетілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. 4-қадам: факс сынағын орындау (75-бет) бөліміне өтіңіз.
Өнімнің басқару тақтасы
Басқару тақтасын күнді, уақытты және тақырыпты орнату мақсатында пайдалану үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1. Негізгі экрандағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
3. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
4. Time/Date (Екі жақты) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
5. 12-hour clock (12 сағаттық) немесе 24-hour clock (24 сағаттық) параметрін таңдаңыз.
6. Пернетақтаны пайдаланып ағымдағы уақытты енгізіп, OK түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Қажет болса, арнайы таңбаларды қамтитын пернетақтаны ашу үшін 123 түймешігін
түртіңіз.
7. Күн пішімін таңдаңыз.
8. Пернетақтаны пайдаланып ағымдағы күнді енгізіп, OK түймесін түртіңіз.
9. Fax Header (Факс тақырыбы) мәзірін түртіңіз.
10. Пернетақтаны пайдаланып факс нөмірін енгізіңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
11. Пернетеқтаны пайдаланып компания атауын немесе тақырыпты енгізіңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі 25 болады.
12. 4-қадам: факс сынағын орындау (75-бет) бөліміне өтіңіз.
HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP құрылғысының құралдар жинағы (Windows)
1. HP EWS серверін Start (Бастау) мәзірінен немесе веб-шолғыштан іске қосыңыз
Start (Бастау) мәзірі
а. Start (Бастау) түймешігін басып, Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
ә. HP құрылғылар тобын басып, HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар жинағы) элементін
басыңыз.
Веб-шолғыш
а. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Байланыс ақпараты
түймешігін басып, IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Connectedеліге
қосылған) түймешігін немесе Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу) түймешігін басыңыз.
74 7-тарау Факс KKWW