HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысындағы факс
1. Құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысына түпнұсқалардың бетін жоғары
қаратып салыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің зақымдалуын болдырмау
үшін түзету таспалары, түзету сұйықтығы, қағаз
қыстырғыштары немесе қапсырмалары бар
түпнұсқаларды пайдаланбаңыз. Оған қоса,
құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысына фотосуреттерді, шағын
түпнұсқаларды немесе сынуға бейім
түпнұсқаларды салмаңыз.
2. Қағазды қысып тұрғанша қағаз бағыттағышын
реттеңіз.
3. Құрылғының басқару тақтасының негізгі
экранындағы Fax (Факс) түймешігін түртіңіз.
4. Факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз.
5. Start Fax (Факсті бастау) түймешігін түртіңіз.
Нөмірді тез теру және нөмірлер тобын теру жазбаларын пайдаланыңыз
ЕСКЕРТПЕ: факстерді жіберу үшін телефон кітабын пайдалану алдында Fax Menu (Факс мәзірі) арқылы
телефон кітабының жазбаларын орнату керек.
1. Қағазды сканер әйнегіне немесе құжат
бергішіне салыңыз.
KKWW Факс жіберу 77










