HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

HP бағдарламалық құралын пайдаланып факс жіберу (Windows)
1. Құжатты салыңыз.
Егер сканер шынысына түпнұсқаны салып жатсаңыз, оны сканер шынысына бетін төмен
қаратып, сканер шынысының сол жақ артқы бұрышына қойыңыз.
Егер құжат бергішке бірнеше бетті салып жатсаңыз, беттерді бетін жоғары қаратып салыңыз,
содан кйеін қағазға тигенше қағаз бағыттағыштарын реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: егер құжаттар бір уақытта құжат бергіште де, сканер әйнегінде де болса, өнім
сканер әйнегіндегі емес, құжат бергіштегі құжатты өңдейді.
2. Start (Бастау) түймесін басып, Programs (Бағдарламалар) (немесе Windows XP жүйесінде All Programs
(Барлық бағдарламалар)) тармағын, содан кейін HP тармағын таңдаңыз.
3. Өнім атауын басып, содан кейін HP Send fax (HP факс жіберу) түймесін басыңыз. Факстың
бағдарламалық құралы ашылады.
4. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
5. Send Now (Қазір жіберу) батырмасын басыңыз.
KKWW HP бағдарламалық құралын пайдаланып факс жіберу (Windows) 79