HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
Жылдам теру жазбаларын жасау, өңдеу және жою
Жиі терілетін факс нөмірлерін (120 жазбаға дейін) жеке факс нөмірлері немесе факс нөмірлерінің тобы
ретінде сақтауға болады.
●
Факстің телефон кітабын жасап, оны өңдеу үшін басқару тақтасын пайдалану
●
Басқа бағдарламалардан телефон кітабының мәліметтерін пайдаланыңыз
●
Телефон кітапшасының жазбаларын жою
Факстің телефон кітабын жасап, оны өңдеу үшін басқару тақтасын пайдалану
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Fax (Факс) түймешігін түртіңіз.
2. Fax Menu (Факс мәзірі) түймешігін түртіңіз.
3. Phone Book Setup (Телефон кітабының параметрлерін орнату) түймешігін түртіңіз.
4. Жылдам теру жазбасын жасау үшін Individual Setup (Жеке параметрлерді реттеу) түймешігін немесе
Group Setup (Топ параметрлерін реттеу) түймешігін түртіңіз.
5. Тізімдегі тағайындалмаған нөмірді түртіңіз.
6. Жазбаға ат енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
7. Жазбаға факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
Басқа бағдарламалардан телефон кітабының мәліметтерін пайдаланыңыз
КЕҢЕС: басқа бағдарламадан телефон кітабын импорттамас бұрын, сол басқа бағдарламаның экспорттау
функциясын пайдалануыңыз қажет.
HP Device Toolbox контакт мәліметтерін келесі бағдарламалық құралдың телефон кітаптарынан импорттай
алады.
● Microsoft Outlook
● Lotus Notes
● Microsoft Outlook Express
● Басқа HP компаниясы өнімдерінің Device Toolbox бағдарламалық құралдарынан бұрын экспортталған
телефон кітабы.
Телефон кітапшасының жазбаларын жою
Өнімдегі бағдарламаланған телефон кітабының жазбаларын өшіруіңізге болады.
ЕСКЕРТУ: телефон кітабындағы жазбалар өшірілген жағдайда, оларды қайта қалпына келтіру мүмкін
емес.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Fax (Факс) түймешігін түртіңіз.
2. Fax Menu (Факс мәзірі) түймешігін түртіңіз.
3. Phone Book Setup (Телефон кітабының параметрлерін орнату) түймешігін түртіңіз.
80 7-тарау Факс KKWW










