HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
HP веб қызметтері қолданбаларын пайдалану
Өнім үшін тікелей Интернеттен жүктеп алуға болатын бірнеше жаңашыл бағдарлама бар. Қосымша
ақпарат алу және осы қолданбаларды жүктеп алу үшін www.hpeprintcenter.com мекенжайы бойынша
HP Connected веб-сайтына өтіңіз.
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін, өнім Интернет байланысы бар компьютерге немесе желіге қосылған
болуы керек. Өнімнің ішінде HP веб қызметтері қосулы болуы керек.
1. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Connection Information (Байланыс туралы
ақпарат) түймешігін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● ePrint
● Settings (Параметрлер)
3. Enable Web Services (Веб-қызметтер қосу) түймесін түртіңіз.
HP Connected веб-торабынан бір қолданбаны жүктеп алғаннан кейін оны өнімнің басқару
тақтасындағы Apps (Қолданбалар) мәзірінен таңдап қолдануға болады. Бұл процесс HP веб-
қызметтері мен Apps (Қолданбалар) түймешігінің екеуін де қосады.
84 8-тарау Өнімді басқару KKWW










