HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP Device Toolbox
(Windows) көмегімен қосымша реттеу
Енгізілген веб-серверді басып шығару функцияларын өнімнің басқару тақтасынан емес, өзіңіздің
компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
● Өнім күйі жөніндегі ақпаратты көру.
● Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
●
Науа конфигурацияларын көру және өзгерту (қағаз түрлері мен өлшемдері)
● Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
● Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-сервері құрылғы IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-
сервері IPX негізделген құрылғы байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және
пайдалану үшін Интернеттің болуы шарт емес.
Өнім желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP Device Toolbox өнімді орнату кезінде толық орнату пайдаланылған болса ғана қол жетімді
болады. Өнімнің жалғануына байланысты кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: HP ендірілген веб-серверіне желілік брандмауэрдан тыс қол жеткізу мүмкін емес.
Start (Бастау) мәзірінде HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Программы (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP өнімдер тобын басып, HP құрылғысының құралдар жинағы элементін басыңыз.
Веб-шолғыштан HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
1. 2 жолды басқару тақталары: Өнімнің басқару тақтасындағы OK түймешігін басыңыз. IP мекенжайын
немесе хост атауын көрсету үшін Network Setup (Желі параметрлерін орнату) мәзірін ашып, Show IP
Address (IP мекенжайын көрсету) тармағын таңдаңыз.
Сенсорлы экранның басқару панельдері: Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы
Байланыс ақпараты түймешігін басып, IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін
Network Connected (Желіге қосылған) түймешігін немесе Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу)
түймешігін басыңыз.
86 8-тарау Өнімді басқару KKWW










