HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Калибрлеу баспа сапасын оңтайландыратын өнім функциясы болып табылады.
Дұрыс түспеген түстер, түсті көлеңкелеу, бұлыңғыр графикалар немесе басқа баспа сапасы
мəселелері сияқты баспа сапасына байланысты проблемаларды шешу үшін мына қадамдарды
орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі эк
ранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі)
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
●
Мөлшерлеу/тазалау
●
Толық мөлшерлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Start (Бастау) түймешігін түртіңіз.
Calibrating (Калибрлеу) хабары өнімнің басқару тақтасында көрс
етіледі. Аяқтау үшін
ка
либрлеу процесі бірнеше минут уақыт алуы мүмкін. Калибрлеу үрдісі аяқталмайынша,
өнімді ажыратпаңыз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, басып шығару əрекетін қайталаңыз.
Басқа басып шығару тапсырмасының параметрлерін тексеру
Бағдарламадан басып шығарғанда басқа баспа драйверлерінің параметрлерін реттеу бойынша
мəселелерді шешіп жүрмес үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Түс параметрлерін реттеу (Windows)
Басып шығарылған беттегі түстер компьютер экранындағы түстерге сəйкес келмесе немесе
басып шығарылған беттегі түс көңіліңізден шықпаса, мына қадамдарды орындаңыз.
Түс тақырыбын өзгерту
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, P
r
operties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
4. Оны тазалау үшін HP EasyColor құсбелгіcін қойыңыз.
5. Color Themes (Түс тақырыптары) ашылмалы тізімінен түс тақырыбын таңдаңыз.
●
Default (sRBG) (Əдепкі (sRGB
)): Бұл та
қырып арқылы өнімді реттеп, RGB деректерін
өңделмеген түрде басып шығаруға болады. Бұл тақырыпты пайдаланғанда дұрыс
көрсетілуі үшін түсті бағдарламалық құралда немесе операциялық жүйеде басқару
керек.
●
Жарқын (sRGB): Өнім орташа өңдердегі түс қан
ықтығын ар
ттырады. Бұл тақырыпты
іскерлік сызбаларды басып шығару барысында пайдаланыңыз.
●
Фото (sRGB): Өнім RGB түсін сандық шағын зертханада басылып шыққан фотосурет
ретінде бейнелейді. Өнім Default (sRBG) («Əдепкі» (sRGB)) тақырыбымен салыстырғанда
140 Бап 9 Жалпы ақаулықтарды түзету
KKWW










