HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide

Мөлшерлеу/тазалау
Сканерді калибрлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Next (Келесі) түймешігін түртіңіз. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, көшіру əрекетін қайталаңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
Көшірілген беттерде жағылған жерлер, анық емес немесе күңгірт басып шығарылған жерлер,
оралған қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер немесе тонер сыртқа шыққан аймақтар бар
болса, мына қадамдарды орындаңыз.
Қағаз өлшемі мен түрінің конфигурациясын тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Trays (Науалар) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Параметрлері реттелетін науаның жолын түртіңіз де, Modify (Өзгерту) түймешігін түртіңіз.
3. Опциялардың тізімдерінен қағаз өлшемі мен қағаз түрін таңдаңыз.
4. Таңдауыңызды сақтау үші
н OK түймешігін түртіңіз.
Көшіру үшін пайдаланылатын науаны таңдау
1. Өнімнің басқару тақтасының Негізгі экранындағы Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
2. Paper Selection (Қағаз таңдау) түймешігін басыңыз.
3. Пайдаланылатын қағаз орналасқан науаны таңдаңыз да, OK түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін өнім əдепкі
параметрлерді қайтарады.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
Көшіру сапасын жақсарту үшін осы қосымша параметрлерді реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасының Негізгі экранындағы Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
2. Image Adjustment (Суретті реттеу) түймешігін басыңыз.
3. Жүгірткілерді Darkness (Күңгірттік) деңгейіне, Contrast (Контраст) деңге
йіне, Sha
rpness
(Айқындық) деңгейіне жəне Background Cleanup (Фонды тазарту) деңгейіне реттеңіз. OK
түймешігін түртіңіз.
4. Бастау
түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін өнім əдепкі
параметрлерді қайтарады.
KKWW Көшірме сурет сапасын жақсарту
145