HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide
Факс мəселелерін шешу
●
Факс ақаулықтарын шешу кестесі
●
Жалпы факс ақаулықтары
Факс ақаулықтарын шешу кестесі
Туындаған кез келген факске қатысты ақаулықтардың себебін анықтауға көмектесу үшін келесі
кестені қолданыңыз:
●
Факс жабдығымен берілген факс кабелін қолданып жатқаныңызға сенімдісіз бе? Факс
жабдығы RJ11 жəне қызметтік спецификацияларға сəйкес келу үшін берілген факс
кабелімен сын
ақта
лған. Басқа факс кабелімен ауыстырмаңыз; аланогтық факс жабдығы
аналогтық факс кабелін талап етеді. Бұл да аналогтық телефон қосылымын қажет етеді.
●
Факс/телефон желісін қосқыш факс жабдығының розеткасына тығылған ба? Телефон
ұясының розеткаға дұрыс тығылғанын тексер
іңіз. Ол "сырт" еткенше қосқышты розеткаға
тығыңыз.
ЕСКЕРІМ: Телефон ұясы желілік портқа емес, факс портына жалғанғанын тексеріңіз.
Порттар бір-біріне ұқсайды.
●
Телефонның қабырға ұясы дұрыс жұмыс істеп тұр ма? Телефонды қабырға ұясына қосу
арқылы теру дыбысының болуын тексеріңіз. Теру дыбысын есітіп тұрсыз ба жəне телефон
қоңырауын шала не қабылдай аласыз ба?
Телефон желісінің қай түрін қолданудасыз?
●
Ерекшеленген желі: Қалыпты аналогтық факс/телефон желісі факстерді қабылдауға не
жіберуге тағайындалған.
ЕСКЕРІМ: Телефон желісі тек қана құрал факсін қолдануға арналған болуы жəне
телефон құрылғыларының басқа түрлерімен ортақ пайдаланылмауы қажет. Мысалдар
телефон желісі басқарушы компанияға жіберетін ескертулерді қолданатын дабыл
жүйелерін қамтиды.
●
PBX жүйесі: Іскери ортаның телефон жүйесі. Стандартты үй телефондары мен факс
жабдықтары аналогтық телефон сигналын қолданады. Кейбір PBX жүйелері сандық жəне
оларды факс жабдығымен үйлестіру мүмкін емес. Факс құрылғысын сандық PBX
жүйелеріне жалғау үшін интерфейстік аналогтық телефон адаптері (АТ
А
) қажет болуы
мүмкін.
●
Ауыстырылатын желілер: Алғашқы кіріс желісі бос болмағанда жаңа қоңырау келесі бос
желіге «ауысатын» телефон жүйесінің мүмкіндігі. Құралды алғашқы кіріс телефон желісіне
тіркеп көріңіз. Факс жабдығы жауап беру үшін қоңырау сан
ы па
раметрінде орнатылған
қоңырау сандарынан кейін телефонға жауап береді.
Ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыны қолданып жатырсыз ба?
Ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыны телефон желіллері арқылы берілетін электр
қуатына қарсы факс жабдығын қорғау үшін қабырға ұясы мен факс жабдығы арасында
қолдануға болады. Бұл құрылғылар телефон сигналының сапасын төмендету арқылы кейбір
факс байланысының ақау
лықта
рын туғызуы мүмкін. Факстерді жіберу немесе қабылдау
бойынша ақаулықтар туындаса жəне осы құрылғыларды қолданып жатқан болсаңыз, ақаулықтың
162 Бап 9 Жалпы ақаулықтарды түзету
KKWW










