HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide
Жалпы факс ақаулықтары
Кейбір жалпы факс мəселелері төменде берілген.
Факс жіберілмеді
JBIG қосылған жəне қабылдаушы факс машинасында JBIG мүмкіндiгі жоқ.
JBIG параметрін өшіріңіз.
Өнімнің басқару тақтасында «Out of Memory» (Жад жеткіліксіз) күйінің хабары
көрсетіледі.
Құралдың сақтау дискісі толы.
Дискіден кейбір сақталған тапсырмаларды жойыңыз. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда Retrieve from Device Memory (Құрылғы жадынан алу) түймешігін түртіңіз. Сақталған
тапсырмалардың немесе сақталған факстердің тізімін ашыңыз. Жойылатын тапсырманы таңдап,
Delete (Жо
ю) түйме
шігін түртіңіз.
Фотосуреттің басып шығарылған сапасы нашар немесе сұр жолақ ретінде басып
шығарылған
Дұрыс емес бет мазмұны параметрін немесе дұрыс емес ажыратымдылық параметрін
қолданып жатырсыз.
Optimize Text/Picture (Мəтінді/суретті оңтайландыру) опциясын Photograph (Фотосурет)
параметріне орнатып көріңіз.
Сіз факстан бас тарту үшін «Stop» (Тоқтату) түймешігін түрттіңіз, бірақ факс сонда
да жіберіліп кетті
Тапсырма жіберу процесінде барынша орындалған болса, тапсырманы болдырмау мүмкін емес.
Бұл қалыпты əрекет.
Ешбір факстің мекенжай кітабы түймешігі көрсетілмейді
Факстің мекенжай кітабы мүмкіндігі қосылмаған.
HP MFP сандық жіберу бағдарламалық құралын реттеу қызметтік бағдарламасын факстың
мекенжай кітабы мүмкіндігін қосу үшін қолданыңыз.
HP Web Jetadmin мүмкіндігінде факс параметрлерін орналастыру мүмкін емес
HP Web Jetadmin мүмкіндігіндегі факс параметрлері құрылғының күй бетіндегі ашылмалы
мəзірдің астында орналасқан.
Ашылмалы мəзірден Digital Sending and Fax (Сандық жіберу жəне факс) опциясын таңдаңыз.
Үйлестіру күйі қосылған кезде тақырып беттің жоғарғы жағына қосылады
Барлық əрі қарай жіберілетін факстер үшін құрылғы беттің жоғарғы жағына үйлестірілетін
тақырыпты қосады.
Бұл қалыпты əрекет.
KKWW Факс мəселелерін шешу
165










