HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide

4. Name (Аты) жолына контактінің атын
енгізіңіз.
5. Мəзір тізімінен E-mail Address (Электрондық
пошта мекенжайы) опциясын таңдаңыз да,
контактінің электрондық пошта
мекенжайын енгізіңіз.
Контактіні тізімге қосу үшін OK түймешігін
түртіңіз.
Google Gmail поштасы бар Microsoft Outlook қызметін реттеу
Егер сізде Google™ Gmail электрондық пошта қызметі болып, Microsoft® Outlook поштасын
электрондық поштаңыздың интерфейсі ретінде пайдалансаңыз, электрондық поштаға сканерлеу
мүмкіндігін пайдалану үшін қосымша конфигурация қажет.
ЕСКЕРІМ: Төмендегі нұсқаулар Microsoft Outlook 2007 нұсқасына арналған.
1. Outlook бағдарламасында Tools (Құралдар) мəзірін басыңыз.
2. Account Settings (Есептік жазба параметрлері) түймесін басыңыз.
3. Электрондық поштаның есептік жазбасын тізімнен таңдап, Change (Өзгерту) түймесін
басыңыз.
4. Change E-mail Account (Электрондық пошта есептік жазбасын өзгерту) экранында More
Settings (Басқа параметрлер) түймесін басыңыз.
5. Internet E-ma
il Settings (Интернет электрондық пошта параметрлері) экранында Advanced
(Қосымша) қойындысын басыңыз.
6. Кіріс сервер мен шығыс серверге мына порт параметрлерін пайдаланыңыз:
56 Бап 6 Сканерлеу/жіберу
KKWW