HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide
Желілік қалтаға сақтау параметрлері
Желілік қалтаға сақтау жылдам жинағын конфигурациялау үшін мына ақпаратты пайдаланыңыз.
●
Желілік қалтаға сақтау жылдам жинағы шеберін пайдалану
●
HP ендірілген веб-сервері арқылы желілік қалтаға сақтау мүмкіндігін реттеу
●
Мақсатты қалта параметрлерін аяқтау
Желілік қалтаға сақтау жылдам жинағы шеберін пайдалану
Кейбір HP өнімдерінде бағдарламалық құрал ықшам дискісінен драйверді орнатуға болады. Осы
орнатудың соңында Setup Scan to Folder and Email (Қалтаға жəне электрондық поштаға сканерлеу
параметрлерін орнату) опциясы болады. Бұл опция өнімнің HP ендірілген веб-серверіндегі (EWS)
орнату шеберлерін ашады. Параметрлерді орнату шеберлері негізгі реттеу опцияларын
қамтиды.
Бас
т
ау үшін Save to Network Folder Quick Set Wizard (Желілік қалтаға сақтау жылдам жинағы
шебері) түймесін басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Шебердегі келесі қадамға өту
үшін Next (Келесі) түймесін басыңыз.
Орнату туралы қосымша ақпарат алу үшін желілік қалтаға сақтау опцияларының то
лық жинағы
арқылы осы мүмкіндікті конфигурациялауды орындайтын бөлімдерді қараңыз.
HP ендірілген веб-сервері арқылы желілік қалтаға сақтау мүмкіндігін
реттеу
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а.
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ə.
Веб-шолғышты ашыңыз жəне мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын
дəл өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter
пернесін басыңыз. EWS ашылады.
2. Scan/Digital Send (Сканерлеу/сандық жіберу) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ шарлау мəзіріндегі Save to Network Folder Setup (Желілік қалта сақтау
параметрлерін орнату) сілтемесін басыңыз.
4. Save to Network Folder Setup (Желілік қалтаға сақтау параметрлерін орнату) тілқатысу
терезесінде Enable Save to Network Folder (Желілік қалтаға сақтауды қосу) параметріне
құсбелгі қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Осы параметрге құсбелгі қойып, жылдам жинақ жасамай, желілік қалтаға
сақтау мүмкіндігін ең аз көлемде реттеуге болады. Дегенмен, бұл негізгі конфигурация
үшін пайдаланушы əр сканерлеу тапсырмасына арналған басқару тақтасына мақсатты
қалта туралы ақпарат енгізуі керек. Желілік қалтаға сақта
у ме
тадеректерін қамту үшін
жылдам жинақ қажет.
5. Жылдам жинақтар аумағында Add (Қосу) түймесін басыңыз.
58 Бап 6 Сканерлеу/жіберу
KKWW










