HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide
Жылдам орнату жасау
Алдын ала орнатылған тапсырма опцияларын жылдам ашу үшін Quick Sets (Жылдам орнатулар)
мүмкіндігін пайдаланыңыз. Өнімнің əкімшісі басқару тақтасындағы негізгі экранда Quick Sets
(Жылдам орнатулар) мəзірінде пайдалануға болатын Жылдам орнатуларды жасау үшін
HP ендірілген веб-серверін пайдаланса болады. Quick Sets (Жылдам орнатулар) келесі
сканерлеу/жіберу мүмкіндіктері үші
н қол же
тімді:
●
Электрондық пошта
●
Желілік қалтаға сақтау
●
USB құрылғысына сақтау
●
SharePoint® құрылғысына сақтау (Сохранить на устройстве SharePoint®)
Жүйе əкімшісінен төмендегі қадамдар бойынша көмектесуін сұраңыз:
1. НР ендірілген веб-сервері (EWS) қойындысын ашыңыз:
а.
Өні
мнің басқару та
қтасындағы негізгі экранда Network (Желі) түймешігін түрті,
өнімнің IP мекенжайын немесе хост атауын табыңыз.
ə.
Веб-браузерді ашыңыз, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе өнімнің басқару
тақтасында көрсетілетіндей нақты хост атауын теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы
Enter пернесін басыңыз. EWS экраны ашылады.
2. General (Жалпы) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ навигация аймағындағы Quick Sets Setup (Жылдам орнатулар параметрлерін
орнату) сілтемесін басыңыз.
4. Quick Sets (Жылдам орнатулар) тілқатысу терезесіндегі Add (Қосу) түймешігін түртіңіз.
5. Select an application (Қолданба таңдау) тілқатысу терезесінде Жылдам орнатуы жасалатын
қолданбаны таңдаңыз. Nex
t (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Set the button location for the Quick Set and options for user interaction at the control panel
(Жылдам орнату түймешігінің орналасқан жерін жəне басқару тақтасындағы
пайдаланушының өзара əрекеттесу опцияларын орнату) тілқатысу терезесінде
төмендегідей ақпаратты енгізіңіз:
●
Quick Set Title (Жылдам орнату атауы): бұл атау өнімнің басқару тақтасы
ндағы жаңа
Жылдам орнату түймешігінде көрсетіледі.
●
Quick Set Description (Жылдам орнату сипаттамасы): бұл қысқаша сипаттама өнімнің
басқару тақтасындағы жаңа Жылдам орнату түймешігіндегі атаудың жанында
көрсетіледі.
●
Button Location (Түймешіктің орналасқан жері): жаңа Жылдам орнату түйме
шігі тікелей
негізгі экранда болуын немесе басқару тақтасындағы Жылдам орнатулар
қолданбасының ішінде болуын таңдаңыз.
●
Quick Set Start Option (Жылдам орнатуды іске қосу опциясы): мына опциялардың бірін
таңдаңыз:
66 Бап 6 Сканерлеу/жіберу
KKWW










