HP Color LaserJet Enterprise M552 / M553 - User's Guide

Қосымша ақпарат
1. Бұл өнімге дизайнның нормативтік аспектілерімен бірге қалатын нормативтік үлгі нөмірі берілген. Нормативтік модель нөмірі —
нормативтік құжаттамадағы және сынақ туралы есептердегі негізгі өнім идентификаторы, бұл нөмірді маркетингтік атаумен немесе
өнім нөмірлерімен шатастырмау керек.
2. Өнім EN 55022 және CNS13483 стандарттарының A класты өнімдерге қойылатын талаптарына сай, сондықтан оған төмендегі
ескертулер қолданылады: «Абайлаңыз! Бұл — A класты өнім. Үй жағдайларында бұл өнім радио кедергісін тудыруы мүмкін. Мұндай
жағдайда пайдаланушы тиісті шаралар қолдануы қажет болуы мүмкін».
3. Бұл өнімде ол сатылатын елдердегі/аймақтардағы техникалық талаптарға сәйкес келетін SDGOB-1391 нормативтік үлгі нөмірі бар
радиомодуль құрылғысы пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілгендермен бірге тиісті елдерге/аймақтарға лайықты болатын
телекоммуникация қадағалау органының рұқсаттары мен стандарттары осы құрылғыға қолданылды.
Бойс, Айдахо АҚШ
1 қараша, 2015 ж.
Нормативтік ақпарат алу жөнінде өтінімдерді қабылдайтын жергілікті өкіл мекенжайы:
ЕО: HP Deutschland GmbH, HQ-TRE, 71025 Boeblingen, Германия
www.hp.eu/certificates
АҚШ: HP Inc., 1501 Page Mill Road, Palo Alto, CA 94304 650-857-1501
KKWW Сәйкестік декларациясы 37