HP Color LaserJet Enterprise M552 / M553 - User's Guide
Дұрыс түспеген түстер, түсті көлеңкелеу, бұлыңғыр графикалар немесе басқа баспа сапасы мәселелері
сияқты баспа сапасына байланысты проблемаларды шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Басты
түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Құрылғыға техникалық қызмет көрсету
●
Мөлшерлеу/тазалау
●
Толық мөлшерлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін, Start (Бастау) опциясын таңдаңыз.
Calibrating (Калибрлеу) хабары өнімнің басқару тақтасында көрсетіледі. Аяқтау үшін калибрлеу
процесі бірнеше минут уақыт алуы мүмкін. Калибрлеу үрдісі аяқталмайынша, өнімді
ажыратпаңыз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, басып шығару әрекетін қайталаңыз.
Басқа басып шығару тапсырмасының параметрлерін тексеру
Бағдарламадан басып шығарғанда басқа баспа драйверлерінің параметрлерін реттеу бойынша
мәселелерді шешіп жүрмес үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Түс параметрлерін реттеу (Windows)
Басып шығарылған беттегі түстер компьютер экранындағы түстерге сәйкес келмесе немесе басып
шығарылған беттегі түс көңіліңізден шықпаса, мына қадамдарды орындаңыз.
Түс тақырыбын өзгерту
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
4. Оны тазалау үшін HP EasyColor құсбелгіcін қойыңыз.
5. Color Themes (Түс т
ақырыптары) аш
ылмалы тізімінен түс тақырыбын таңдаңыз.
●
Default (sRBG) (Әдепкі (sRGB)): Бұл тақырып арқылы өнімді реттеп, RGB деректерін
өңделмеген түрде басып шығаруға болады. Бұл тақырыпты пайдаланғанда дұрыс
көрсетілуі үшін түсті бағдарламалық құралда немесе амалдық жүйеде басқару керек.
●
Жарқын (sRGB): Өнім орташа өңдердегі түс қанықтығын арттырады. Бұл тақырыпты
іскерлік сызбаларды басып шығару барысында пайдаланыңыз.
●
Фото (sRGB): Өнім RG
B түсін сандық шағын зертханада басылып шыққан фотосурет ретінде
бейнелейді. Өнім Default (sRBG) («Әдепкі» (sRGB)) тақырыбымен салыстырғанда терең, қанық
түстерді бейнелейді. Фотосуреттерді басып шығару кезінде осы тақырыпты пайдаланыңыз.
●
Photo (Adobe RGB 1998): Фотосурет (Adobe RGB 1998) sRGB қарағанда AdobeRGB түс кеңістігін
пайдаланатын сандық фотосуреттерді басып шығарғанда осы тақырыпты пайдаланыңыз.
Бұл параметрді пайдаланғанда бағдарламалық құралдағы түсті реттейтін функцияны
өшіріп тастаңыз.
106 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW










