HP Color LaserJet Enterprise M552 / M553 - User's Guide
HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша
конфигурациялау
Кіріспе
●
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
●
HP енгізілген веб-серверінің мүмкіндіктері
Басып шығару функцияларын өнімнің басқару тақтасынан емес, компьютерден басқару үшін HP
ендірілген веб-серверді пайдаланыңыз.
●
Өнім күйі жөніндегі ақпаратты көру.
●
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
●
Науа конфигурацияларын қараңыз және өзгертіңіз
●
Өнімнің басқару панелінің мәзір конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
●
Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
●
Өнім мен қ
амсыздандыру м
атериалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз
●
Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-сервері өнім IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-
сервері IPX негізделген өнім байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және
пайдалану үшін интернетке кірудің қажеті жоқ.
Өнім желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP ен
дірілген ве
б-серверіне желілік брандмауэрдан тыс қол жеткізу мүмкін емес.
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
1. 4 жолды басқару тақталары: IP мекенжайын көру үшін, басқару тақтасының дисплейін қараңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін,
өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда желі
түймесін түртіңіз.
2. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл өнімнің
басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін басыңыз. EWS
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s
security certificate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар)
хабарламасын көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды
жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдалса, HP өнімі үшін EWS қызметінде аралау барысында компьютерге зиян тимейді.
HP ендірілген веб-серверін қолдану үшін шолғыш келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
58 5-тарау Өнімді басқару KKWW










