HP Color LaserJet Enterprise M552 / M553 - User's Guide
Үнемдеу параметрлері
Кіріспе
●
Жылдамдықты немесе қуаттың тұтынылуын оңтайландыру
●
Ұйқы таймерін орнатып, өнімді 1 Ватт немесе одан аз қуат пайдаланатын етіп реттеңіз
Жылдамдықты немесе қуаттың тұтынылуын оңтайландыру
Әдепкі бойынша, жылдамдықты оңтайландыру және тапсырмалардың бірінші бетін тезірек басып
шығару үшін өнім тапсырмалардың арасында жылы болады. Қуатты үнемдеу үшін өнімді
тапсырмалар арасында суытып алатын етіп орнатыңыз. Өнімде жылдамдық пен қуатты пайдалануды
оңтайландыратын төрт қадамдық параметр бар.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Басты
түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
General Settings (Жалпы параметрлер)
●
Қуат параметрлері
●
Оңтайлы жылдамдық/қуатты пайдалану
3. Пайдаланылатын опцияны таңдаңыз, содан кейін Save (Сақтау) түймесін түртіңіз немесе OK
түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметр — Faster first page (Бірінші бет жылдамырақ).
Ұйқы таймерін орнатып, өнімді 1 Ватт немесе одан аз қуат пайдаланатын етіп
реттеңіз
Өнімде қуат үнемдейтін ұйқы таймерінің бірнеше опциясы бар. Ұйқы/Автоматты түрде өшіру күйін
қосу үшін кідіріс уақытын реттеуге болады және Ұйқы/Автоматты түрде өшіру күйі барысындағы
қуатты пайдалану Ояну/Автоматты түрде қосылу опциясының таңдауына байланысты әртүрлі
болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Басты
түймесін басыңыз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
General Settings (Жалпы параметрлер)
●
Қуат параметрлері
●
Ұйқы таймерінің параметрлері
3. 4 жолды басқару тақталары ғана: Sleep/Auto Off Timer (Ұйқы/Автоматты түрде өшіру таймері)
опциясын, содан кейін Enabled (Қосылған) опциясын таңдаңыз. OK түймесін басыңыз.
4. Sleep /Auto Off After (Ұйқы/Кейін автоматты түрде өшіру) опциясын таңдаңыз.
74 5-тарау Өнімді басқару KKWW










