HP Color LaserJet Enterprise M552 / M553 - User's Guide
Кептелістерді жою үшін автожылжу
Автожылжу басқару тақтасында қадамдық нұсқауларды бере отырып, кептелістерді жоюға
көмектеседі. Қадамды аяқтағанда, өнім процедурадағы барлық қадамдарды аяқтағанша келесі
қадамды көрсетеді.
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты тіке
йтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Науа өнімге толық салынғанын тексеріңіз.
7. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
8. Өнімнің басқару тақт
асындағы Trays (Науалар) мәзірін ашыңыз. Науаның қағаз түріне және
өлшеміне дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
9. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
1-науадағы кептелген қағаздарды тазалау
1-науаға қатысты барлық ықтимал жерлердегі қағаз кептелістерін тексеру үшін, төмендегі
процедураларды пайдаланыңыз. Кептеліс орын алғанда басқару тақтасында кептелісті жоюға
көмектесетін анимация көрсетіледі.
1. Егер кептелген қағаз 1-науадан көрінсе,
қағазды тіке ақырын тартып алып, кептелген
қағаздан тазалаңыз. Хабарды өшіру үшін OK
түймешігін түртіңіз.
88 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW










