Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 2 Қосымша HP ресурстары .....................................
Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 25 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ........................................................................................ 25 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану ................................................................................................. 26 Веб-камераны пайдалану ..................................................................................
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау ............................................................... 46 Қуат көрсеткішін қолдану ................................................................................................................. 47 Қуат жоспарын таңдау ...................................................................................................................... 48 Батареяның қуатымен жұмыс істеу .....................................................................................
HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарының жаңартуларын орнату ...................................................................................................... 67 Сымсыз желіні қорғау ....................................................................................................................... 67 Бағдарламалық құрал қолданбаларының жəне мəліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау ...............................................................................................
Жұмыс ортасы .................................................................................................................................. 80 13 Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету ............................................................................................ 81 Ақаулықтарды жою ........................................................................................................................... 82 сымсыз байланыс мəселелері ..........................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында орнату жасағаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын алуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді мұқият оқып шығыңыз.
Қызықты əрекеттер 2 ● Компьютерден YouTube бейнелерін көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға жалғап, бейнені теледидардан көруге болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты HDMI теледидарын не мониторын жалғау 30-бетте бөлімінен қараңыз. ● Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз. Ал компьютерге тікелей эфирдегі радионы орнатып, бүкіл əлемдегі радио арналарының музыкасы мен бағдарламаларын тыңдай алатыныңызды білесіз бе? Дыбысты пайдалану 28-бетте бөлімін қараңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаландыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі мəліметтер, əдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін, осы кестені көріңіз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға жəне мүмкіндіктеріне жалпы шолу. Анықтама жəне қолдау орталығы ● Əдістер туралы ақпарат жəне ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Осы компьютерге қатысты арнайы кепілдік мəліметтері. Бұл кепілдікке өту үшін, Пуск (Бастау) > Анықтама жəне қолдау > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз немесе http://www.hp.com/go/ orderdocuments торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу ▲ Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискімен немесе қосымша қатты дискімен қоса барлық дискілердің тізімі көрсетіледі. Компьютерде алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды көру үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын, стереомикрофонды немесе моно микрофонды қосады.
Бөлік (5) (6) Сипаттама Айнымалы ток адаптерінің шамы Қуат қосқышы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: компьютер тұрақты ток арқылы жұмыс істеуде. Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады. (2) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген сыйысымды сандық не аудио құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады. (3) USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған жəне USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат өнімділігімен қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 54-бетте бөлімінен қараңыз.
Бөлік (5) Сипаттама Қатты диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды. ЕСКЕРІМ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану 58-бетте бөлімінен қараңыз. (6) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Ішкі дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданыста.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақта тақтасын қосады немесе өшіреді. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: Сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: Сенсорлы тақта қосулы. (3) Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сол жақтағы Сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады.
Түймешік, үндеткіштер жəне сабвуфер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, түймешікті басып қалып күту күйінен шығыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрса, сақталмаған ақпараттар жойылып кетеді.
Бөлік 14 Сипаттама (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (3) HP Triple Bass Reflex сабвуфері Жоғары сапалы бас дыбысын шығарады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі b пернесімен, бос орын пернесімен немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Əрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс істеу барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Жапсырмалар оңай қол жеткізуге болатын жерлерде орналасқан. ● Сериялық нөмір жапсырмасы — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: ЕСКЕРІМ: Жапсырманың көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды. Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін: ● Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы—Компьютерлерді корпоративті офистер, үй жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады.
етеді. HP Connection Manager бағдарламасы төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді: ● Сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi; ● Bluetooth HP Connection Manager құралы байланыс күйі, қуат күйі жəне SMS хабарлары жайында ақпарат жəне хабарландыру береді. Күй ақпараты мен хабарландырулар тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
Интернет провайдерін пайдалану Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Анықтама жəне қолдау» тармағын қараңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік (3) Сипаттама HP TrueVision ажыратымдылығы жоғары веб-камерасы Бейне ағыны мүмкіндігімен бейнелер жазуға, фотосуреттер түсіруге жəне бейне конференциялары мен желіде əңгімелесу сеанстарын ұйымдастыруға болады. Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Общение и чат (Байланысу жəне чат) > CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз. (4) USB 2.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысына қосылады.
Веб-камераны пайдалану Бұл компьютердің келесі бөлмедегі немесе əлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз немесе əріптестеріңізбен байланысуға мүмкіндік беретін қуатты əлеуметтік желі құралы болып табылатын ішкі веб-камерасы бар. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар алмасу бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға, бейнеге түсіруге жəне бөлісуге, сондай-ақ, фотосуреттер түсіруге болады.
Beats Audio басқару тақтасын ашу Beats Audio басқару тақтасында дыбыс жəне төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін көріп, қолмен басқаруға болады. Beats Audio басқару тақтасын ашу үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) >Beats Audio Control Panel (Beats Audio басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Beats Audio қосу жəне өшіру ▲ Beats Audio функциясын қосу не өшіру үшін, fn пернесін b пернесімен бірге басыңыз..
Бейнені пайдалану Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болады.
Дыбыс параметрлерін реттеу (HDMI теледидар арқылы) HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Speaker (Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
5 Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану Компьютер экраны бойында пернетақта жəне сенсорлы тақта сияқты меңзегіш құрылғы арқылы оңай жылжуға болады. Таңдаулы үлгілердегі əрекет пернелері немесе пернелер тіркесімдері жалпы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Сенсорлы тақта арқылы экрандағы функциялар тінтуір түймешіктері сияқты жұмыс істейді.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақтаны пайдаланып теруге, ал əрекет пернелері мен пернелер тіркесімдері арқылы арнайы функцияларды орындауға болады. Пернетақтаның пернелері туралы қосымша ақпаратты Пернелер 15-бетте бөлімінен қараңыз. ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Белгіше Перне Сипаттама f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Бұл əрекет пернесі компьютерден бейне ақпаратын қабылдайтын басқа да құрылғылар арасында кескіндерді ауыстырып көрсетеді.
Қызмет Функциялық перне Сипаттама Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+esc Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты көрсетеді. Басс параметрлерін басқарады. fn+b Beats Audio төменгі басс параметрлерін қосады немесе өшіреді. Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін жетілдірілген дыбыс функциясы. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша қосылған.
Сенсорлы тақтаны қолдану Жетілдірілген сенсорлы тақта дəлдігі жоғары қимылдарды қамтамасыз ететін тінтуір альтернативасы болып табылатын əдеттегі сенсорлық тақтаның орнына ауысады. Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақтаның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері ретінде пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады немесе өшіреді. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. (3) Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Сенсорлы тақтаны өшіру немесе қосу Сенсорлы тақта құралын қосу не өшіру үшін, Сенсорлы тақта қосу/өшіру түймешігін екі рет түртіп қалыңыз. Сенсорлы тақта шамы Сенсорлы тақта қосулы болғанда өшірулі болады.
Шарлау Экрандық меңзерді жылжыту үшін, бір саусағыңызды Сенсорлы тақта бетімен меңзер жылжытылатын бағытта сырғытыңыз. Таңдау Сыртқы тінтуірдің оң жəне сол жақ түймешіктерін пайдаланғанға ұқсас Сенсорлы тақта оң жəне сол жақ түймешіктерін пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта жұмыс үстеліндегі элементтерді басқару үшін, саусақтарыңызбен сырғыту, шымшу жəне айналдыру қимылдарын жасауға мүмкіндік береді. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін Сенсорлы тақта тақтасына екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру үшін 1.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Айналдыру Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. Айналдыру үшін, сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, оң сұқ саусақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Бұру мүмкіндігі əдепкіде зауытта ажыратылады. Сызу Сызу қимылы экрандар арқылы шарлауға немесе құжаттар арқылы жылдам айналдыруға мүмкіндік береді.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде қуат жоспарлары қолданылады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу Microsoft Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы жəне күту күйлері бар. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде зауытта RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі күту күйінен бірден қосылуға мүмкіндік береді. RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады: ● Ұйқы режимі: RST мүмкіндігі ұйқы режимін таңдауға мүмкіндік береді.
Ұйқы күйінен шығу үшін ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз. ● Пернетақтадағы пернені басыңыз. ● Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз. Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, қуат шамдары жанып, компьютерде жұмысты тоқтатқанға дейін көрсетілген экран шығады. ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатындай етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау Ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Require a password on wakeup (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын таңдаңыз. 3.
Қуат көрсеткішін қолдану Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткішінің белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Қуат жоспарын таңдау Қуат жоспары компьютердің қуатты үнемдеу жолын басқарады, сондай-ақ қуат үнемдеуге жəне компьютер жұмысын арттыруға көмектеседі. Мына қуат жоспарлары бар: ● НР компаниясы ұсынатын. Өнімділікті арттыру мен қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін автоматты түрде теңестіреді. ● Қуат үнемдегіші. Жүйе өнімділігі мен экран жарықтығын азайту арқылы қуатты үнемдейді. ● Өнімділігі жоғары. Өнімділікті қамтамасыз етеді, бірақ энергияны жоғары мөлшерде пайдалануы мүмкін.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу Компьютерге зарядталған батарея салынғанда жəне компьютер сыртқы қуат көзіне қосылмаған кезде, компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, қуатты үнемдеу мақсатында дисплей жарықтығы төмендетіледі. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютерде жалғыз қуат көзі болып тұрған батареяның заряды аз немесе өте төмен деңгейге жеткенде, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі «заряд төмен» немесе «заряд өте төмен» ескертуін көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін қолдану 47-бетте бөлімін қараңыз.
Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу Айнымалы ток көзіне қосу туралы қосымша ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары кітапшасынан қараңыз. Мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы сырттағы қуат көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс істемейді.
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде) HP CoolSense компьютердің тұрақты бір орында тұрмағанын автоматты түрде анықтап, бет температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш параметрлерін реттей бастайды. HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы жоғары болуы мүмкін.
Бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Smart Connect көмегімен ашық тұрған бағдарламалардың кейбіреулерінің мазмұндарын жаңартып, ұйқы күйін қайта қосады. Нəтижесінде, ұйқы күйінен шыққаннан соң жұмысыңызға бірден кірісуге болады. Жаңарту файлдары жүктеліп орнатылғанша күтіп отыру қажет емес.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық сақтау құрылғылары немесе қатты күйдегі дискілер. Компьютердің ішінде компьютер бағдарламалық құралы, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск бар.
▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін. USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз.
Қуат берілетін USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгенін жəне айнымалы ток қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2. Құрылғының қуат сымын айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін, құрылғыны өшіріп, содан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, сандық картаны күштеп енгізбеңіз. 1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал оның қосқыштарын компьютерге қаратыңыз. 2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз. Құрылғы орнатылғанда дыбыс естіліп, параметрлер мəзірі ашылады.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау құралы жəне Дискіні тазалау құралы арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер қамтылған.
дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта орналастырады). ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет емес. Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Компьютерді тазалау Компьютерді жəне сыртқы құрылғыларды тазалау оларды жақсы жұмыс күйінде ұстауға көмектеседі. Компьютерді тазаламаған жағдайда, шаң жəне кір бөлшектері жиналуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Компьютерді тазалау үшін, келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз. Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер; олардан компьютердің бетіне қатты зақым келуі мүмкін.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) бағдарламасын ашу үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) тармағын таңдаңыз. Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау жəне қауіпсіз түрде онлайн əрекеттер орындау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпия сөз түрін орнатуға болады. Мысалы, компьютерді бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Əкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін қосылғанда сұралатын құпия сөз орнына қолдануға болады. ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін Windows жүйесіне орнатылған əкімші құпия сөзімен алмастыруға болмайды немесе ол орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе жойылған күйде көрсетіледі.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да онлайн қауіп-қатерлер компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі жəне желіаралық қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының сынақ нұсқасы компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін.
ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз. Компьютерге қол жетімді барлық жаңартулардың орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды орындаңыз: ● Компьютерді орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update бағдарламасын іске қосыңыз. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Windows Update тармағын таңдаңыз. ● Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 5-бетте бөлімінен қараңыз. 68 1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
10 Setup Utility (BIOS) жəне System Diagnostics Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. Setup Utility (BIOS) утилитасын басу Setup Utility (BIOS) утилитасын қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM деректері жəне BIOS жүйесі деп те аталады) fn+esc пернелер тіркесімін басып (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдаланып көрсетуге болады. 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз. 2. Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) тармағын таңдаңыз. 3.
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі қалтаны тауып ашыңыз. 4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe). BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Сақтық көшірмелер жасау 1. Компьютер параметрлерін орнатқаннан кейін бірден HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып қалпына келтіру дискілерін жасаңыз. 2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. 3.
болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс. ● Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз. ● Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін тоқтатпаңыз. ● Қалпына келтіру дискілерін компьютерден бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Мынаны білгеніңіз жөн ● Егер жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтарып, одан кейін шешіміңізді өзгертсеңіз, қалпына келтірудің күшін жоюға болады. ● Жүйені қалпына келтіру нүктелерін келесі жағдайларда жасау керек: ● ◦ бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе өзгертпес бұрын; ◦ мерзімді түрде, компьютер қалыпты жұмыс істеп тұрғанда. Сондай-ақ, System Restore қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері өзгертілген файлдардың екінші нұсқасын сақтайды.
3. Мəтіндерді өңдеу құжатын немесе суреттерді өзгерту бағдарламасын ашып, Изменить (Өзгерту) > Вставить (Қою) тармағын таңдаңыз. Экран суреті құжатқа қосылады. 4. Құжатты сақтап, басып шығарыңыз. Мынаны білгеніңіз жөн ● Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискіге, флэш-жадына немесе желілік дискіге не дискілерге жасауға болады. ● Сақтық көшірме жасау кезінде компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз. ● Сақтық көшірме жасау процесін аяқтауға қажет уақыт беріңіз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару Кейде, бағдарламалық құрал орнатылғанда компьютер немесе Windows жүйесі өзгеше жұмыс істеуі мүмкін. Əдетте бұл мəселені бағдарламаны жою арқылы шешуге болады. Егер бағдарламаны жою мəселені шешпесе, компьютерді алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне (ертерек уақытта жəне күнде жасалған) қайтаруға болады. Компьютер дұрыс істеп тұрғанда алдыңғы жүйенің қалпына келтіру нүктесін қалпына келтіру үшін: 1.
Мынаны білгеніңіз жөн ● HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет. ● Жүйені қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы əрекеті ретінде пайдаланған жөн.
Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне салыңыз да, компьютерді қайта іске қосыңыз. – немесе – Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске қосыңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымсы
13 Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету ● Ақаулықтарды жою ● Қолдау қызметімен хабарласу 81
Ақаулықтарды жою сымсыз байланыс мəселелері Сымсыз байланыс мəселелерінің кейбір мүмкін себептері төмендегілерді қамтиды: ● Сымсыз құрылғы қосылмаған. ● Сымсыз құрылғы дұрыс орнатылмаған немесе өшірілген. ● Сымсыз құрылғының басқа құрылғылармен кедергілері пайда болды. ● Сымсыз құрылғы немесе жол жоспарлағыш аппараттық құралы жұмыс істемейді. ЕСКЕРІМ: Сымсыз желілік құрылғылар тек таңдаулы компьютер үлгілеріне қосылған.
Қауіпсіздік кодын енгізу мəселені шешпесе, WLAN байланысы зақымданған болуы мүмкін. Көп жағдайларда, Windows жүйесі ақаулық орын алған WLAN байланысын автоматты түрде түзетеді. ● Тапсырмалар тақтасының оң жағы шетіндегі хабарландыру аймағында желі белгішесі бар болса, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Troubleshoot problems (Ақаулықтарды жою) пəрменін таңдаңыз. Windows жүйесі желілік құрылғыны қалпына келтіріп, таңдалған желілердің біреуіне қайтадан қосылуға тырысады.
4. Безопасность (Қауіпсіздік) қойындысын ашып, Ключ безопасности сети (Желілік қауіпсіздік кілті) жолағына сымсыз байланыстың дұрыс шифрлау мəліметтерін енгізіңіз. 5. Осы параметрлерді сақтау үшін, OK түймешігін басыңыз. WLAN байланысы өте нашар Байланыс өте жай болса немесе компьютер WLAN желісіне қосыла алмаса, басқа құрылғылардан кедергілерді төмендегідей азайтыңыз: ● Компьютерді жол жоспарлағышқа немесе кіру нүктесіне жақын орналастырыңыз.
3. Бағдарламалық құралды жəне драйверді жүктеп алу параметрін таңдап, іздеу жолағына компьютер үлгісінің нөмірін теріңіз. 4. enter пернесін басыңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Егер қолданыстағы WLAN құрылғысы бөлек сатып алынған болса, соңғы бағдарламалық құралды алу үшін өндіруші веб-торабын қараңыз. Дыбыс мəселелері Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу ● Күту күйін қосыңыз. ● Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. Қолдау қызметімен хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
14 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 30, 31 Айнымалы ток адаптері 7 ақаулықтарды жою; батареяның төмен деңгейі 85 ақаулықтарды жою; дыбыс функциялары 85 ақаулықтарды жою; қуатты басқару 85 ақаулықтарды жою; сымсыз байланыс 82 Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету 81 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 17 Өнім кілті 17 астыңғы 17 аудио кіріс (микрофон) ұясы 6 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 31 аудио функциялары, тексеру 29 аудио функцияларын тексеру 29 аудио шығы
желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 66 желі ұясы, анықтау 8 жойылған файлдар қалпына келтіру 76 жұмыс ортасы 80 жұмысты аяқтау 53 жүйе ақпаратының функциялық пернесі 35 жүйені қалпына келтіру 76 жүйені қалпына келтіру нүктелері 73 жасау 73 жүктеу реті өзгерту 78 И Интернет байланысын орнатқыш 22 Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 66 К кабельдер USB 55 компьютерді қорғау 61 компьютерді өшіру 53 компьютерді сапарға алып шығу 17, 62 компьютерді тазалау 61 компьютерді тас
сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 41 сенсорлы тақтаның сызу қимылы 42 Сенсорлы тақтаның түймешіктері оң жағы 37 сол жақтағы Сенсорлы тақта 37 сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 41 Сенсорлы тақта шамы 11, 12, 37 сериялық нөмір 17 сериялық нөмір, компьютер 17 сымсыз байланыс түймешігі 19 сымсыз байланыс шамы 12, 19 сымсыз басқару элементтері амалдық жүйе 19 түймешігі 19 сымсыз желі, қорғау 67 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 23 корпоративтік WLAN қосылымы 23 қажет жабдық 22 қауіпсіздік 22 қоғамдық WLAN қосылымы
USB 3.