User Guide - Windows 7

Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(2)
Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды қосады.
(3)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлаққаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураны, тығын тəріздес құлақаспапты немесе
құлаққапты кимес бұрын дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне
қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы гарнитура ұясына қосылған кезде,
компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(4)
USB 2.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысына қосылады. Компьютер
өшірулі кезде ұялы телефондар мен MP3
ойнатқыштарының таңдаулы үлгілерін де USB 2.0
зарядтау порты арқылы зарядтауға болады.
ЕСКЕРІМ: USB зарядтау порты (сонымен қатар, ток
беретін USB порты деп аталады) жалғанған USB
құрылғысын зарядтауға мүмкіндік береді. Барлық USB
құрылғылары стандартты USB порттары арқылы
зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток
беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 54-бетте
бөлімінен қараңыз.
6 Бап 2 Компьютермен танысу