User Guide - Windows 7
Бөлік Сипаттама
(3) HP TrueVision ажыратымдылығы
жоғары веб-камерасы
Бейне ағыны мүмкіндігімен бейнелер жазуға,
фотосуреттер түсіруге жəне бейне
конференциялары мен желіде əңгімелесу
сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) >
Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Общение и чат (Байланысу жəне чат) >
CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
(4)
USB 2.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысына қосылады.
Компьютер өшірулі кезде ұялы телефондар мен
MP3 ойнатқыштарының таңдаулы үлгілерін де
USB 2.0 зарядтау порты арқылы зарядтауға
болады.
ЕСКЕРІМ: USB зарядтау порты (сонымен қатар,
ток беретін USB порты деп аталады) жалғанған
USB құрылғысын зарядтауға мүмкіндік береді.
Барлық USB құрылғылары стандартты USB
порттары арқылы зарядталмайды немесе
зарядтау үшін төмен ток қолданылады. Кейбір
USB құралғыларын зарядтау үшін оларды
ток
беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы
толық ақпаратты
USB құрылғысын
пайдалану 54-бетте бөлімінен қараңыз.
(5)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге,
құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына
қосылған кезде дыбыс шығарады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту
үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды
киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне
қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
(6)
Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды
қосады.
(7) HP Triple Bass Reflex сабвуфері Жоғары сапалы бас дыбысын шығарады.
(8) Үндеткіштер Дыбыс шығарады.
(9)
USB 3.0 порттары Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға
арналған жəне USB арқылы қосылатын
жақсартылған қуат өнімділігімен қамтамасыз
етеді.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы
толық ақпаратты
USB құрылғысын
пайдалану 54-бетте бөлімінен қараңыз.
(10)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас
бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI
құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс
құрылғыларын қосады.
27










