User Guide - Windows 7

Веб-камераны пайдалану
Бұл компьютердің келесі бөлмедегі немесе əлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз
немесе əріптестеріңізбен байланысуға мүмкіндік беретін қуатты əлеуметтік желі құралы болып
табылатын ішкі веб-камерасы бар. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар алмасу
бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға, бейнеге түсіруге жəне бөлісуге, сондай-ақ,
фотосуреттер түсіруге болады.
Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) >
Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Communication and Chat (Байланыс жəне əңгімелесу) > CyberLink YouCam тармағын
таңдаңыз.
Веб-камераны пайдалану туралы толық ақпарат алу үшін, Пуск (Бастау) > Анықтама жəне
қолдау тармағын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB порттарына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
Дыбыс параметрлерін реттеу
(HDMI теледидар арқылы) 31-бетте бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс
деңгейін реттеңіз.
Гарнитураны қосу
Сымды гарнитураны компьютердің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны не үндеткіштерді қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Beats Audio мүмкіндігін пайдалану
Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін
жетілдірілген дыбыс функциясы.
28 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану