User Guide - Windows 7
Beats Audio басқару тақтасын ашу
Beats Audio басқару тақтасында дыбыс жəне төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін көріп, қолмен
басқаруға болады.
Beats Audio басқару тақтасын ашу үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) >Beats Audio Control Panel (Beats
Audio басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
Beats Audio қосу жəне өшіру
▲
Beats Audio функциясын қосу не өшіру үшін, fn пернесін b пернесімен бірге басыңыз..
Beats Audio жылдам пернесі (fn+b) басылған кезде, экранда көрсетілетін Beats Audio
белгішелері мына кестеде сипатталады.
Белгіше Сипаттамасы
Beats Audio қосулы.
Beats Audio өшірулі.
Дыбысты тексеру
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Program
Events (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Test (Сынау)
түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > Устройство звукозаписи (Дыбыс жазу құрылғысы) тармағын таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық
бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде дыбыс параметрлерін өзгерту немесе растау үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс)
тармағын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану 29










