User Guide - Windows 7
Бейнені пайдалану
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір
компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды 
қосуға мүмкіндік
беретін HDMI порты болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының компьютердегі дұрыс ұяға тиісті кабельмен
жалғанғанын тексеріңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын қараңыз.
HDMI теледидарын не мониторын жалғау
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден
көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз.
HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
●
экрандағы кескінді компьютерден көру;
●
экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан 
көру (теледидар не монитор).
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
30 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану










