User Guide - Windows 7

Дыбыс параметрлерін реттеу (HDMI теледидар арқылы)
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Speaker
(Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату
құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойындысындағы Digital Output Device (HDMI) (Сандық шығыс
құрылғысы (HDMI)) параметрін
таңдаңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату
құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойындысында Speakers (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді
орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Intel сымсыз дисплейін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel Wireless Display технологиясы қосымша сымсыз теледидар адаптерін (бөлек сатылады)
пайдаланып компьютер мазмұнын теледидарға тасымалдауға мүмкіндік береді. Сымсыз
адаптерді пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Intel Wireless Display бағдарламасын ашу үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > Intel WiDi тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз дисплей мүмкіндігін пайдалануды бастамай тұрып, сымсыз құрылғыңыз
қосулы екенін тексеріңіз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару
CyberLink PowerDVD бағдарламасы фотосурет жəне бейне жинақтарын басқаруға жəне
өзгертуге мүмкіндік береді.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын іске қосу үшін, Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > Music, Photos and Videos (Музыка, фотосуреттер мен
бейнелер) тармағына өтіп, CyberLink PowerDVD тармағын таңдаңыз.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты PowerDVD
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару 31