User Guide - Windows 7

5 Пернетақтаны жəне меңзегіш
құрылғыларды пайдалану
Компьютер экраны бойында пернетақта жəне сенсорлы тақта сияқты меңзегіш құрылғы арқылы
оңай жылжуға болады. Таңдаулы үлгілердегі əрекет пернелері немесе пернелер тіркесімдері
жалпы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Сенсорлы тақта арқылы экрандағы
функциялар тінтуір түймешіктері сияқты жұмыс істейді.
Сенсорлы тақта сияқты компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы
USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау
арқылы пайдалануға
болады.
Меңзегіш құрылғылардың параметрлерін, түймешік конфигурациясын, басу жылдамдығын
жəне меңзегіш опцияларын реттеу үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) тармағын таңдаңыз да, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы іздеу терезесіне
тінтуір деп теріңіз. Mouse (Тінтуір) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде сенсорлы тақта «ClickPad» немесе «Imagepad» аталады.
32 Бап 5 Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану