User Guide - Windows 7
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақтаны пайдаланып теруге, ал əрекет пернелері мен пернелер тіркесімдері арқылы
арнайы функцияларды орындауға болады. Пернетақтаның пернелері туралы қосымша
ақпаратты 
Пернелер 15-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
«ALT GR» пернелер тіркесімін пайдалану
Кейбір елдерде/аймақтарда арнайы пернелер тіркесімі үшін қолданылатын «ALT GR» пернесі
бар болуы мүмкін. Осындай пернесі бар пернетақта арқылы рупия белгішесін теру үшін, alt gr+4
пернелер тіркесімін басыңыз. Индиядағы ел/аймақ қолдауы бар пернетақталарда рупия
белгішесін теру үшін, ctrl+shift+4 пернелерін басуға болады.
«ALT GR» пернелер тіркесімі туралы білу үшін, Microsoft Office веб-торабына
(
http://www.office.microsoft.com) өтіңіз де, «ALT GR» дегенді іздеңіз.
Əрекет пернелерін пайдалану
Əрекет пернесі тағайындалған функцияны орындайды. f1 мен f4 жəне f6 мен f12 пернелеріндегі
жəне f5 пернесіндегі (тек таңдаулы үлгілерде) əр белгіше сол пернеге тағайындалған
функцияны сипаттайды.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін, 
Setup
Utility (BIOS) жəне System Diagnostics 69-бетте бөлімін көріп, экранның төменгі жағындағы
нұсқауларды орындаңыз.
Əрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін тағайындалған функцияны іске қосу үшін, тиісті
əрекет пернесімен бірге fn пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса
мұқият болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты
түрде жою құралдарын жəне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін
сілтемелер ұсынады.
f2 Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
f3 Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша
жоғарылатылады.
Пернетақтаны пайдалану 33










