User Guide - Windows 7

Белгіше Перне Сипаттама
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Бұл əрекет пернесі компьютерден бейне ақпаратын қабылдайтын басқа да
құрылғылар арасында кескіндерді ауыстырып көрсетеді.
f5 Пернетақтаның сəулеленетін жарықтандырғышы функциясын өшіреді немесе
қосады (тек таңдаулы үлгілерде).
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз. Төмен,
орташа немесе жоғары жарықтық деңгейлерін ауыстырып қосу үшін, жоғары
немесе төмен көрсеткі пернесімен бірге осы пернені басып тұрыңыз.
f6 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.
f7 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе
ойнатуды жалғастырады.
f8 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.
f9 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
f10 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.
f11 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Функциялық пернелерді пайдалану
Функциялық пернелерfn пернесі мен esc, b пернесі немесе бос орын пернесінің тіркесімі.
Функциялық пернелерді пайдалану:
fn пернесін басып қалып, пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз.
34 Бап 5 Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану