User Guide - Windows 7

Сенсорлы тақтаны қолдану
Жетілдірілген сенсорлы тақта дəлдігі жоғары қимылдарды қамтамасыз ететін тінтуір
альтернативасы болып табылатын əдеттегі сенсорлық тақтаның орнына ауысады. Экрандық
меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақтаның беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің
тиісті түймешіктері ретінде пайдаланыңыз.
Стандартты сенсорлы тақтамен салыстырғанда, сенсорлы тақтаның көзбен көрінетін сол
жəне
оң жақ түймешіктері қолданылмайды. Ноутбук моделіне байланысты сенсорлы тақтаның беті
тегіс болуы мүмкін немесе тақтаның бетіндегі ақ не қызыл сызықтар сенсорлы тақтаның сол
жəне оң жақ түймешіктер аймақтарын жəне жылжу сияқты қимылдарды көрсетеді.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта параметрлері мен қимылдар əрекеттерін қалауыңыз бойынша реттеу үшін
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > Mouse (Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
2. Mouse Properties (Тінтуір сипаттары) тармағының Device Settings (Құрылғы параметрлері)
қойындысында Synaptics ClickPad құрылғысын таңдаңыз да, Параметры (Параметрлер)
түймешігін басыңыз.
36 Бап 5 Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану