User Guide - Windows 7

Айналдыру
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік
береді. Айналдыру үшін, сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты
тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, оң сұқ
саусақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұру мүмкіндігі əдепкіде зауытта ажыратылады.
Сызу
Сызу қимылы экрандар арқылы шарлауға немесе құжаттар арқылы жылдам айналдыруға
мүмкіндік береді. Сызу үшін, үш саусақты пайдаланып, сенсорлы тақта аймағында жоғары,
төмен, сол жаққа немесе оң жаққа тез сызыңыз.
ЕСКЕРІМ: Үш саусақпен сызу мүмкіндігі əдепкі параметр бойынша зауытта өшіріледі.
42 Бап 5 Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану