User Guide - Windows 7
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Microsoft Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы жəне күту күйлері бар.
ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде зауытта RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам қосу
технологиясы) мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі күту күйінен бірден қосылуға мүмкіндік
береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
● Ұйқы режимі: RST мүмкіндігі ұйқы режимін таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқы күйінен шығу
үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат түймешігін
тез басып қалыңыз.
●
Күту күйі: RST мүмкіндігі келесі жағдайларда күту күйін қосады. Бұлар:
◦
компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп
тұрғанда екі сағат
бойы ешқандай əрекет жасалмағанда;
◦
батарея өте төмен батарея деңгейіне жеткенде.
Күту күйінен шығып, жұмысты жалғастыру үшін, қуат түймешігін басыңыз. Күту күйі RST
мүмкіндігімен басқарылатындықтан, оны қолмен қосу мүмкін емес.
RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) тармағынан өшіруге болады. RST мүмкіндігін
өшіргеннен кейін, күту күйінің опцияларын қолмен таңдауға болады.
Ұйқы күйінде экран өшіп, жұмысыңыз жадқа
сақталады жəне күту күйіне қарағанда ұйқы күйінен
шығу жылдамырақ іске асады. Компьютер ұзақ мерзім үшін ұйқы күйінде болғанда немесе ұйқы
күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі күту файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не
сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы немесе күту күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша ұйқы күйі батарея қуаты немесе сыртқы қуат көзіне
қосылу арқылы жұмыс істеуіне байланысты белгілі бір əрекетсіздік уақытынан кейін басталады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасындағы «Параметры
электропитания» (Қуат параметрлері) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін қосуға
болады:
● Қуат түймешігін
жылдам басыңыз.
●
Дисплейді жабыңыз.
●
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Shut down (Жұмысты аяқтау) түймешігінің жанындағы
көрсеткіні басыңыз да, Sleep (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
44 Бап 6 Қуат басқару










