User Guide - Windows 7
Ұйқы күйінен шығу үшін
●
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
●
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
●
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
●
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, қуат шамдары жанып, компьютерде жұмысты
тоқтатқанға дейін көрсетілген экран шығады.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатындай етіп орнатылған
болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күту күйін қосу жəне одан шығу
Жүйе зауытта батарея қуаты немесе сыртқы қуат көзіне қосылу арқылы жұмыс істеуіне
байланысты белгілі бір əрекетсіздік уақытынан кейін немесе батарея заряды өте төмен
деңгейге жеткенде күту күйіне өтетіндей етіп орнатылған.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады.
ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу
технологиясы) мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі күту күйінен бірден қосылуға мүмкіндік
береді. Күту күйі RST мүмкіндігімен басқарылатындықтан, оны қолмен қосу мүмкін емес.
Қосымша ақпаратты
Ұйқы немесе күту күйін қосу 44-бетте бөлімінен қараңыз.
Күту күйіне өту үшін, Пуск (Бастау) түймешігін, Shut down (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанында орналасқан көрсеткіні басып, содан кейін Hibernate (Күту күйіне өту) түймешігін
басыңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу 45










