User Guide - Windows 7
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Компьютерге зарядталған батарея салынғанда жəне компьютер сыртқы қуат көзіне қосылмаған
кезде, компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, қуатты үнемдеу мақсатында дисплей
жарықтығы төмендетіледі. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда
компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі
əртүрлі болады.
Батарея ақпаратын табу
Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған Анықтама жəне қолдау бөлімінде орналасқан
Battery Check (Батареяны тексеру) құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған мөлшерлеу, қуатты басқару жəне
техникалық қызмет көрсету мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея
туралы ақпаратты ашу үшін, Пуск (Бастау) > Анықтама жəне қолдау > Learn (Үйрену)
>Power Plans: Frequently Asked Questions (Қуат жоспарлары: жиі қойылатын сұрақтар)
тармақтарын таңдаңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз.
● Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
● USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы
мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін не күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 49










