User Guide - Windows 7
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу
Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
сандық сақтау құрылғылары немесе қатты күйдегі дискілер. Компьютердің ішінде компьютер
бағдарламалық құралы, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға
мүмкіндік беретін қатты диск бар. Кейбір компьютерлерде дыбыс жəне бейне файлдарын CD,
DVD дискілерінен оқуға не жазуға немесе (тек таңдаулы үлгілерде) Blu-ray дискінен (BD)
ойнатуға не
жазуға мүмкіндік беретін ішкі оптикалық диск болады.
Қосымша сыйымдылық не функциялар орындау мақсатында тікелей телефоннан не камерадан
ақпаратты импорттау үшін, оптикалық немесе қатты диск сияқты сыртқы диск жетегін (бөлек
сатылады) жалғаңыз немесе сандық жад картасын салыңыз. Компьютердің USB портына
жалғанған USB флэш жетегі да деректерді жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді. Кейбір
құрылғылар жұмыс істеу үшін
компьютердің қуатын пайдаланады. Ал кейбіреулерінің жеке қуат
көздері болады. Кейбір құрылғылардың орнатылатын бағдарламалық құралдары болады.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы сымсыз құрылғыларды қосу туралы ақпаратты Желіге қосылу 18-бетте
бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Компьютерлердің көбінде USB пернетақтасы, тінтуір, сыртқы диск жетегі, принтер, сканер
немесе USB хабы сияқты сыртқы құрылғылардың бірнеше түрін қосуға қолданылатын
жабдықтың интерфейсі болып табылатын бірнеше порт болады.
Компьютерде USB портының бірнеше түрі бар болуы мүмкін. Осы компьютердегі USB
порттарының түрлері туралы білу үшін,
Компьютермен танысу 5-бетте бөлімін қараңыз.
Компьютермен үйлесімді құрылғыларды сатып алу керек.
Түрі Сипаттама
USB 2.0 Деректерді 60 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
USB 3.0 Деректерді 640 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
SuperSpeed деп те аталатын USB 3.0 порттары USB 1.0
жəне 2.0 құрылғыларымен үйлесімді.
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз.
54 Бап 7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу










