User Guide - Windows 7
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу
Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал оның қосқыштарын компьютерге
қаратыңыз.
2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз.
Құрылғы орнатылғанда дыбыс естіліп, параметрлер мəзірі ашылады.
Сандық жад картасын шығару үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, сандық картаны қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
батарея көрсеткішінің белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны ішке қарай басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу 57










