User Guide - Windows 7
8 Компьютерге техникалық қызмет
көрсету
Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету
маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау құралы жəне Дискіні
тазалау құралы арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі. Сонымен
қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді
тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер қамтылған.
Компьютер жұмысын жақсарту
Барлығымыз компьютердің тез жұмыс істегенін қалаймыз. Жүйелі түрде қызмет көрсету
тапсырмаларын орындау, Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk Cleanup
(Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану арқылы компьютердің жұмысын біршама
өзгертуге болады. Сонымен қатар, компьютер ескірген болса, үлкенірек дискілерді орнату жəне
көбірек жад қосу амалдарын орындауға болады.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
●
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде
жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. USB портына жалғанған қатты дискілерді HP 3D DriveGuard
қорғамайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын
баяулатады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Disk Defragmenter (Диск
58 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету










