User Guide - Windows 7

дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта
біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта орналастырады).
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk
Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен
жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > System Tools (Қызметтік бағдарламалар) > Disk Defragmenter (Диск
дефрагментаторы) тармағын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup
құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы
құралдар) > System Tools (Қызметтік бағдарламалар) > Disk Cleanup (Диск тазалау)
тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютер жұмысын жақсарту 59