User Guide - Windows 7
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі
қалтаны тауып ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген
файлды қатты дискіден жоюға болады.
System Diagnostics пайдалану
System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін
тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.
System Diagnostics құралын бастау:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін
басыңыз.
2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне
экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
System Diagnostics пайдалану 71










