User Guide - Windows 7

болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты
сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді
жасау процесін тоқтатпаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін компьютерден бөлек, қауіпсіз
жерде сақтаңыз.
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан
шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық
көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
1. Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп теріңіз.
Тізімнің ішінен Recovery Manager тармағын таңдаңыз. Сұралған жағдайда, əрекетті
жалғастырыңыз.
2. HP Recovery Media Creation (HP қалпына
келтіру дискісін жасау) тармағын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындап əрекетті жалғастырыңыз.
Қалпына келтіру үшін,
HP Recovery Manager көмегімен бастапқы жүйені қалпына
келтіру 76-бетте бөлімін қараңыз.
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
Жүйені қалпына келтіру нүктесі — Windows System Restore утилитасымен белгілі бір сəтте
сақталған қатты диск мазмұнының суреті. Жүйені қалпына келтіру нүктесі Windows жүйесі
пайдаланатын тіркеу параметрлері сияқты ақпаратты қамтиды. Алдыңғы қалпына келтіру
нүктесіне қайтару қалпына келтіру нүктесі жасалғаннан кейінгі жүйеге жасалған өзгертулерді
қайтаруға мүмкіндік береді.
Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі соңғы рет
жасалғаннан бері
сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта
хабарларына əсер етпейді, бірақ орнатылған бағдарламалық құралға əсер етеді.
Мысалы, сандық фотокамерадан суретті жүктеп, компьютерді кешегі болған күйге қайтарғанда,
сурет компьютерде қалады.
Дегенмен, суретті көруге арналған бағдарламалық құралды орнатып, содан кейін компьютерді
кешегі күйге қайтарсаңыз, бағдарламалық құрал жойылып, оны пайдалану мүмкін болмайды.
Сақтық көшірмелер жасау
73