User Guide - Windows 7
Мынаны білгеніңіз жөн
●
Егер жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтарып, одан кейін шешіміңізді өзгертсеңіз,
қалпына келтірудің күшін жоюға болады.
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін келесі жағдайларда жасау керек:
◦
бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе өзгертпес бұрын;
◦
мерзімді түрде, компьютер қалыпты жұмыс істеп тұрғанда.
●
Сондай-ақ, System Restore қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері өзгертілген
файлдардың
екінші нұсқасын сақтайды. Қалпына келтіру үшін екінші нұсқаны пайдалану
туралы қосымша ақпаратты «Анықтама жəне қолдау» тармағын таңдаңыз.
Жүйені қалпына келтіру нүктесін жасау
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтада Защита системы (Жүйені қорғау) тармағын таңдаңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4. Создать (Жасау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін,
Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне
қайтару 76-бетте бөлімін қараңыз.
Жүйенің жəне жеке ақпараттың сақтық көшірмелерін жасау
Компьютерде файлдар, электрондық хаттар, фотосуреттер сияқты маңызды ақпараттар
сақталады жəне оларды компьютерге вирус кіргенде немесе жүйе жұмысында ақаулық пайда
болғанда сақтау керек болады. Файлдардың қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау
мүмкіндігі сақтық көшірме соңғы рет қашан жасалғанына байланысты болады. Жаңа
бағдарламалық құралдар жəне деректер файлдары қосылған сайын, сақтық көшірмелерді
жүйелі түрде жасап тұру керек.
Сақтық көшірмені сəтті жасауға арналған кеңестер
●
Дискілерді компьютердің оптикалық жинақтағыш диск жетегіне салмас бұрын нөмірлеңіз.
● Жеке файлдарды құжаттар, музыка, сурет жəне бейне кітапханаларында сақтаңыз да, бұл
қалталардың сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.
●
Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында
параметрлеріңіздің экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді қалпына
келтіру қажет болған кезде, экран суреті уақытыңызды үнемдеуі мүмкін
.
Экран суретін жасау үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Сақталатын экранды ашыңыз.
2. Экран суретін көшіріңіз:
Тек белсенді терезені көшіріп алу үшін, alt+prt sc пернелер тіркесімін басыңыз.
Экранды толық көшіру үшін, prt sc пернесін басыңыз.
74 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру










