HP ноутбугі Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мəліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ................................................................................................... 29 Пернетақтаны пайдалану ................................................................................................................ 29 Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау .............................................................................. 29 Пернетақталарды пайдалану ..........................................................................................
Батарея қуатын пайдалану .............................................................................................................. 45 Қалған батарея зарядын көрсету .................................................................................... 45 Батареяны салу жəне шығарып алу ............................................................................... 46 Батареяны зарядтау ........................................................................................................
Сыртқы карталар жəне құрылғылар ....................................................................................................... 63 Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) .............. 63 Сандық картаны енгізу ..................................................................................................... 63 Сандық картаны шығарып алу ........................................................................................ 64 USB құрылғысын пайдалану .....
BIOS нұсқасын анықтау ................................................................................................... 85 BIOS жаңартуын жүктеп алу ........................................................................................... 85 Advanced System Diagnostics пайдалану ........................................................................................ 86 13 MultiBoot ...........................................................................................................................
Қосымша б Техникалық сипаттамасы ..................................................................................................... 102 Тұтынылатын қуат .......................................................................................................................... 102 Жұмыс ортасы ................................................................................................................................ 103 Қосымша в Электростатикалық разряд ................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі байланысын орнату 22-бетте тарауын қараңыз. ● Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз. Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 29-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату ● Компьютер бөліктерін анықтау Linux анықтамасы ● Компьютердегі бағдарламалық құралдар Linux анықтамасы бөліміне кіру үшін, Компьютер (Компьютер) > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін Жұмыс үстеліндегі Документы HP (НР құжаттары) белгішесін екі рет нұқыңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 4 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Функциялар сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды.
Шамдар ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер күту режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе ұйқы күйінде. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Веб-шолғыш шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: компьютер өшірулі, күту режимінде немесе ұйқы күйінде. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы.
Бөлік (1) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер күту режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе ұйқы күйінде. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Веб-шолғыш шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: компьютер өшірулі, күту режимінде немесе ұйқы күйінде. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: сымсыз құрылғылар өшірулі.
Түймешіктер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту режимінде болғанда, күту режимінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (3) Веб-шолғыш түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Əдепкі веб-шолғышты ашады. (4) Беспроводная сеть (Сымсыз байланыс) түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты, оның параметрлері бұрын реттелген болса, орнатуға болады.
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту режимінде болғанда, күту режимінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функция пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Амалдық жүйе логотипті перне Амалдық жүйе мəзірін көрсетеді. (3) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (4) Кірістірілген сан пернелері панелінің пернелері Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функция пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Амалдық жүйе логотипті перне Амалдық жүйе мəзірін көрсетеді. (3) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (4) Амалдық жүйенің қолданбалары пернесі Меңзердің астындағы элементтердің төте жол мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) Сипаттама Қатты диск шамы Медиа картаны оқу құрылғысы Аудио шығыс (гарнитура) ұясы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды.
Оң жағы ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) USB 3.0 порты Қосымша USB құрылғысына қосылады. (2) USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысына қосылады. (3) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық дискілерді оқиды. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы модельдерде оптикалық диск жетегі оптикалық дискілерге де жазады. (4) Оптикалық диск жетегінің шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық диск жетегі белсенді болып тұрған кезде жанады.
Бөлік Сипаттама (1) USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. (2) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық дискілерді оқиды. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы модельдерде оптикалық диск жетегі оптикалық дискілерге де жазады. 14 (3) Оптикалық диск жетегінің шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық диск жетегі белсенді болып тұрған кезде жанады. (4) Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық диск салғышты шығарады.
Сол жағы ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
Дисплей ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (үлгілерге байланысты 1 немесе 2) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданыста. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (үлгілерге байланысты 1 немесе 2) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданыста. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. (5) Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, күту күйін қосады.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Батарея/қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмалары ● Батарея босату ысырмаларын бір рет жылжыту арқылы ұясынан шығарылады. ● Батарея ұясынан шығарылғаннан кейін, қызмет көрсетуге арналған есік босату ысырмаларын екінші рет жылжыту арқылы ашылады. (2) Батарея ұясы Батарея орналасады. (3) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск ұясы, сымсыз LAN (WLAN) модулі ұясы мен жад модулі ұяларын қорғайды.
Компьютер түбіндегі бөліктерді анықтау ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Келесі суреттерде қызмет көрсетуге арналған есік көрсетілмейді.
Бөліктер Сипаттама (2) Қатты диск (3) WLAN модулі (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер түбіндегі бөліктерді анықтау 21
3 Желі байланысын орнату Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Бар WLAN желісіне қосылу 24-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 25-бетте бөлімін қараңыз. ● Сымды — Интернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу туралы ақпарат алу үшін Сымды желіге қосылу 27-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Сымсыз не сымды желі құрылғысын қосу немесе ажырату үшін 1. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз. 2.
Жаңа WLAN желісін орнату Қажетті жабдықтар: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2) ● Сымсыз компьютер (3) Төменде берілген суретте Интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген. ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет қызметі провайдерінен сұраңыз.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұл — үш шифрлау протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай шешуге болады. ● ● WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2 протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді. ● Компьютерлер ● Телефондар ● Аудио құрылғылар Компьютер мен сымсыз құрылғылар арасында деректер беруді қадамдастыру Bluetooth қуаты болып табылады.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын қабырғалық желі ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа (суретте көрсетілмеген) жалғаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау Жылдам перне - fn пернесі мен функционалдық пернелердің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі fn+f1 Сипаттама Күту күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Жылдам пернелер тіркесімі fn+f5 Сипаттама QuickLock қауіпсіздік мүмкіндігін қосады. QuickLock бағдарламасы амалдық жүйеге кіру терезесін көрсету арқылы ақпаратты қорғайды. Жүйеге кіру терезесі көрсетіліп тұрғанда, пайдаланушы құпиясөзі немесе амалдық жүйенің түбірлік құпиясөзі енгізілгенше компьютерге кіруге болмайды. ЕСКЕРІМ: QuickLock мүмкіндігін пайдаланбас бұрын амалдық жүйе пайдаланушысының құпиясөзін немесе амалдық жүйенің түбірлік құпиясөзін орнатуыңыз тиіс. Нұсқауларды анықтама бөлімінен қараңыз.
(2) Бөлік Сипаттама Енгізілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды. (3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама num lk пернесі Біріктірілген сан пернелерінің панелінде жылжу жəне санды функциялар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. (2) Кірістірілген сандық пернетақта Оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Сенсорлы тақтаны қолдану Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің түймешіктері сияқты пайдаланылады. ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Таңдау Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері ретінде пайдаланыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдардың əрқайсысы туралы ақпарат көру үшін 1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз. 2.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
5 Мультимедиа Компьютерде төмендегідей бөліктер болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді: 36 ● Музыка ойнату. ● Дыбыс жазу. ● Интернеттен музыканы жүктеу. ● Мультимедиалық көрмелерді жасау.
Дыбыс деңгейін реттеу Дыбыс деңгейін келесілер арқылы реттеуге болады: ● Дыбыс деңгейі жылдам пернелері ● Дыбыс деңгейін реттеу пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері бөлімін қараңыз. ЕСКЕРІМ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. ● Бейне түсіріп, ортақ пайдалану ● Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу ● Дыбыссыз суретке түсіру ЕСКЕРІМ: Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін Cheese бағдарламалық құралының Help (Анықтамасын) нұқыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер AMD графикалық картасы компьютерге орнатылған болса, келесі бөлімдегі нұсқауларды орындаңыз. 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Апплет для вывода на экран Gnome (Gnome бейнелеу бағдарламасы) белгішесін нұқыңыз. 2. Configure Display Settings (Дисплей параметрлерін реттеу) пəрменін таңдаңыз. 3. Detect Monitors (Мониторларды тану) құсбелгісін қойыңыз. 4. Дисплей орналасуының оң жағында орналасқан Вкл (Қосулы) радио түймешігін басыңыз.
HDMI HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды. ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатылады) керек болады. Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады. Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін 1.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз. 1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Playback (Ойнату) қойыншасында Speakers (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
6 Қуатты басқару Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Ұйқы күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі ұйқы күйінің файлына сақталады жəне компьютер өшіріледі. ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауын, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуын немесе ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде күту немесе ұйқы күйін қоспаңыз.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін қосуға болады: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Спящий режим (Ұйқы режимі) пəрмендерін таңдаңыз. ● Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан Питание (Қуат) белгішесін нұқып, Спящий режим (Ұйқы режимі) пəрменін таңдаңыз. Ұйқы күйінен шығу үшін ▲ Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Батарея қуатын пайдалану Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы айнымалы ток көзіне жалғанған кезде, компьютер электр қуатында жұмыс істейді. Компьютерде зарядталған батарея болса жəне айнымалы ток адаптері арқылы берілген сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда, компьютер батарея қуатын қосады.
Батареяны салу жəне шығарып алу Батареяны салу үшін: ▲ Батареяны (1) батарея ұясына нық орналасқанша (2) салыңыз. Батареяны босату ысырмалары батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріп тастаңыз. 1.
2. Батареяны жоғарыға сырғытып (2), батарея ұясынан (3) шығарып алыңыз. Батареяны зарядтау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. Батарея компьютер сыртқы ток көзіне айнымалы ток адаптері немесе қосымша қуат адаптері арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады. Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Система (Жүйе) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Управление питанием (Қуатты басқару) тармағын таңдаңыз. 3. От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасында: ● Перейти в режим сна, если компьютер бездействует (Компьютер пайдаланылмаған кезде ұйқы режимін қосу) параметрінің сырғытпасын оң жаққа жылжытып, 30 минутқа орнатыңыз.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ▲ Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз: ● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу 1. Компьютерді өшіріңіз немесе ұйқы күйін қосыңыз. 2. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз. 3. Компьютерді қосыңыз.
Батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз. Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз. Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда батареяны зарядтамаңыз. ● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде ● Ақпаратты ықшам дискіге немесе DVD дискісіне жазу кезінде Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Егер компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы Батарея белгішесінің көрінісі өзгереді.
7 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: 52 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, күту режимін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютер астына бекіту үшін, қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған кезде қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясында сақтауға болады. Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін 1. Батареяны шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу Жад модулі, қатты диск, қызметтік жапсырма мен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін 1. Батареяны алып тастаңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз). 2. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қауіпсіздік бұрандасын (1) (пайдаланылған кезде) шығарып алыңыз. Қауіпсіздік бұрандасы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 53-бетте бөлімін қараңыз. 3.
2. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын (4) орнына салыңыз. Қауіпсіздік бұрандасы туралы қосымша ақпаратты Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 53-бетте бөлімінен қараңыз. 3. Батареяны орнына салыңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз). 4. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 5. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, тоқтата тұру немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу 1.
6. Қатты дискіні қосқыштан ажырату үшін, қатты дискідегі (2) пластмасса кесіндісін компьютерге қарай тартыңыз жəне қатты дискіні ұясынан шығарып алыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Кейбір қатты дискілер пластмасса қапшыққа салынады. Қатты дискіні компьютерден шығарғаннан кейін, қатты дискінің өзіне қол жеткізу үшін қатты дискінің пластмасса қапшықты шешіп алу керек.
Қатты дискіні орнату 58 1. Қатты диск жетегін ұясына енгізіңіз. 2. Қатты дискіні қосқышқа қосу үшін, қатты дискідегі (1) пластмасса кесіндісін компьютердің ортасына қарай тартыңыз.
3. Қатты дискінің төрт бұрандасын (2) орнына салыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. 4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз. (Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу 53-бетте бөлімін қараңыз.) 5. Батареяны орнына салыңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз.
6. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз. Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау ▲ Компьютер (Компьютер) > Приложения (Қосымша қолданбалар) тармақтарын таңдаңыз, одан кейін сол жақ аймақтағы Audio & Video (Аудио жəне бейне) пəрменін таңдаңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі. Оптикалық дискіні салу Диск науасы 1.
ЕСКЕРІМ: Диск салғаннан кейін диск жетегінің қысқаша тоқталуы қалыпты құбылыс. Егер медиа ойнатқышы таңдалмаған болса, AutoPlay терезесі ашылады. Ол сізге медиа мазмұнын қалай пайдаланатыныңызды таңдауды ұсынады. Оптикалық дискілерді шығарып алу Диск науасы Диск салғыш ашылған немесе ашылмаған жағдайға байланысты дискті шығарып алудың 2 жолы бар. Диск салғыш қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 1.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. 62 Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютерде қай сандық карта пішімдері қолданылатынын анықтау үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. Сандық картаны шығарып алу үшін 1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз. 2.
USB құрылғысын пайдалану Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Құрылғылар жүйеге жалғануы мүмкін. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.
USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз. ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, USB құрылғысын қауіпсіз ажырату үшін, келесі іс рəсімін пайдаланыңыз. USB құрылғысын ажырату үшін 1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз. 2.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Қажетті бағдарламалық құрал жəне драйверлер туралы қосымша ақпарат алу немесе пайдалану қажет компьютер порты туралы қосымша ақпарат алу үшін, өндірушінің нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2.
9 Жад модульдері Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап, (2), модульді ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз жəне жад модулін қисайтпаңыз. а. Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1). ə.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. 8. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз. (Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу 53-бетте бөлімін қараңыз.) 9. Батареяны орнына салыңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз.) 10. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
10 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер қолданылатын əдіске байланысты болады. Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Құпиясөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөзді компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасында орнатуға болады. ● Орнату құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз. 2.
Computer Setup DriveLock құпия сөзін басқару ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолданыстан мүлдем шықпауын қамтамасыз ету үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзін жəне DriveLock басты құпия сөзін жазып алыңыз жəне компьютерден алыс əрі қауіпсіз жерде сақтаңыз. DriveLock құпия сөздерінің екеуін ұмытып қалсаңыз, қатты диск мүлде құлыпталады жəне оны пайдалану мүмкін емес. DriveLock қорғау мүмкіндігі қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіруден қорғайды.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты дискінің компьютерге (қосымша қондыру құрылғысына немесе сыртқы MultiBay орнына емес) енгізілгеніне көз жеткізіңіз. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін) енгізу сұралған кезде, пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзді енгізудің 3 теріс əрекетінен кейін компьютерді өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне əрекетті қайта орындаңыз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясы мен осы бөлімдегі суретте көрсетілген кабель ұясы əртүрлі болуы мүмкін. Компьютердегі қауіпсіздік кабелі ұясының орналасқан орнын анықтау үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз. 2.
3. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысы) тармағын таңдаңыз. 4. Использовать устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану) құсбелгісін қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Саусағыңыздың ізін тіркеу үшін, пайдаланушыларды басқару утилитасын ашу қажет.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет. Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. НР зауыттық кескінін қалпына келтіруге арналған DVD дискісін сыртқы оптикалық диск жетегіне енгізіп, компьютерді қайта бастаңыз. 3. Компьютер қайта басталып тұрған кезде, Computer Setup утилитасында жүктеу мүмкіндіктерінің мəзірін ашу үшін f9 пернесін басыңыз. 4. Notebook Upgrade Bay (Ноутбукті жаңартуға арналған орын) мүмкіндігін таңдаңыз. 5.
ЕСКЕРІМ: Ақпараттың сақтық көшірмесін жасамас бұрын сақтық көшірме файлдары сақталатын орынды тағайындағаныңызға көз жеткізіңіз. 4. Сақтық көшірме жасауды бастау жəне сақтық көшірме жасау параметрлерін сақтау үшін, Сохранить и Создать резервную копию (Сақтап, сақтық көшірме жасау) параметрін таңдаңыз. Сақтық көшірме файлдарын қалпына келтіру үшін 1.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup пайдалану Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау үшін мына əрекеттер орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мəндеріне қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2.
BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет. BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (сонымен қатар, ROM күні жəне Жүйенің BIOS деп аталатын ақпаратты) Computer Setup (Компьютерді орнату) құралын бастау арқылы экранға шығаруға болады. 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. 2.
5. BIOS бөліміне өтіңіз де, BIOS бағдарламалық құрал бумасын жүктеп алыңыз. 6. Жүктелетін BIOS бағдарламалық құрал бумасымен қамтамасыз етілген орнату нұсқауларын орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
13 MultiBoot Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
Computer Setup утилитасында жүктеу құрылғыларын қосу Егер USB құрылғысы немесе NIC картасы Computer Setup утилитасында қосылған болса, компьютер бұл құрылғыдан жүктелетін болады. Computer Setup утилитасын бастап, USB немесе NIC құрылғысын жүктеу құрылғысы ретінде қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Жүктеу ретін өзгерту Жүктеу ретін өзгертпес бұрын мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз: ● Жүктеу реті өзгертілгеннен кейін компьютер қайта басталған кезде, жаңа жүктеу реті пайдаланылады. ● Жүктеу құрылғыларының бірнеше түрі қолданылса, компьютер жүктеу құрылғыларының əр түрінің бірінші құрылғысынан (оптикалық құрылғылардан басқа) жүктеледі.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады: ● Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес динамикалық түрде таңдау Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз жəне Select Boot Device (Жүктеу құрылғысын таңдау) мəзірі ашылады. 2. f9 пернесін басыңыз. 3.
MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу Express Boot мəзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына əрекеттерді орындауға болады: 92 ● Express Boot мəзірінде жүктеу құрылғысын анықтау үшін, берілген уақыт ауқымын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. ● Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметріне өтпеуі үшін, берілген уақыт аяқталғанша кез келген пернені басыңыз. Компьютер жүктеу құрылғысы таңдалып, enter пернесі басылғанша басталмайды.
а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды. Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер электр розеткасына қосылған болса, электр қуаты көзінің жұмысын тексеру үшін бұл розеткаға басқа электр құрылғысын жалғаңыз.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей отыр Егер бағдарламалық құрал жауап бермесе немесе дұрыс жауап бермесе, Компьютер > Завершение работы (Өшіру) > Перезапуск (Қайта қосу) пəрмендерін таңдап, компьютерді қайта іске қосыңыз. Егер осы іс реті арқылы компьютерді қайта бастау мүмкін болмаса, Компьютер қосылған, бірақ жауап бермей отыр 94-бетте атты келесі бөлімді қараңыз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемей отыр Егер сымсыз желі қосылысы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз. ● Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу үшін мəзір мүмкіндіктерінен құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып тастаңыз. ● Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. 96 Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз. 2. Компьютер, одан кейін Системный монитор (Желі мониторы) пəрмендерін таңдаңыз. 3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құралдар) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан сыртқы жад контроллерін анықтаңыз. 4.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а. Компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмір (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Үлгі сипаттары (тек таңдаулы үлгілерде) Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмір жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
ə Компьютерді тазалау Тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Тазалау іс реті Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютер немесе планшеттік компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютер немесе планшеттік компьютерді тазаламаңыз: Компьютер немесе планшеттік компьютерді өшіріңіз. Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютер немесе планшеттік компьютердің бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз.
б Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20°C – 60°C -4°F – 140°F Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымсыз) Жұмыс ортасы 1
в Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы; мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 40 Айнымалы ток адаптері 13 ақаулықтарды жою дискіге жазу 98 дискіні ойнату 97 оптикалық диск салғыш 95 оптикалық дискіні анықтау 97 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 98 амалдық жүйе 42 амалдық жүйе, орнатылған құпия сөздер 72 амалдық жүйе логотипті перне, анықтау 10, 11 амалдық жүйенің қолданбалары пернесі, анықтау 10, 11 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 12 аудио мүмкіндіктері 36 аудио функциялары, тексеру 37 аудио функцияларын тексеру 37 аудио шығыс (г
желіаралық қалқан 25 желілік кабель 27 кедергіні азайту 27 қосылу 27 желілік қосылыс белгішелері 23 желі ұясы, анықтау 15, 16 жергілікті желі (LAN) кабельді қосу 27 қажетті кабель 27 жұмыс ортасы 103 жұмысты аяқтау 42 жүктеу құрылғылары, қосу 88 жүктеу ретін өзгерту 90 И Интернет қосылысын орнату 25 К кабельдер LAN 27 USB 65 кедергіні азайту желілік кабель 27 компьютерді өшіру 42 компьютерді сапарға алып шығу 50, 99 компьютерді тазалау 100 компьютер түбіндегі бөліктердің орындары, анықтау 20 концентраторлар
экран жарықтығын арттыру 29 экран кескінін ауыстыру 29 пернетақта 30 пернетақта, кірістірілген сандық 11 пернетақта, сыртқы num lock 32 пайдалану 32 пернетақталар, анықтау 32 порттар HDMI 15, 16, 40 USB 13, 14, 15, 16, 65 VGA 38 сыртқы монитор 15, 16, 38 С сақтық көшірме 79 саусақ ізін оқу құрылғысы 77 анықтау 8, 9 Сенсорлы тақта таңдаулы параметрлерді орнату 35 түймешіктер 4 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 4 Сенсорлы тақта қимылдары жылжу 35 масштабтау 35 шымшу 35 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 35 сенсорлы т
Computer Setup MultiBoot Express кеңестерінің параметрлерін орнату 91 жүктейтін құрылғыларды қосу 88 жүктеу ретін орнату 90 жылжу жəне таңдау 83 зауыттық параметрлерді қалпына келтіру 84 төмендегілердің ішінде орнатылған құпиясөздер 72 D drivelock құпия сөзі басқару 74 жасау 74 drivelock құпия сөзін басқару 74 F fn пернесі, анықтау 10, 11, 29 H HDMI, дыбысты реттеу 40 HDMI порты, анықтау 15, 16 HDMI порты, жалғау 40 M MultiBoot Express 87, 91 N Network Service Boot (Желілік қызметтен бастау) 88 NIC жүктеу қ