HP Laptop User's Guide - Linux
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау
MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:
●
Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу
ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
●
Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басу арқылы жүктеу
ретін динамикалық түрде таңдап, Boot Device Options (Құрылғыларды жүктеу мүмкіндіктері)
мəзірін ашуға f9 пернесін басу үшін.
●
Айнымалы
жүктеу реттерін орнатуға MultiBoot Express құралын пайдалану үшін.
Компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын жүктеу құрылғысы сұралады.
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Legacy Boot Order (Жалпы жүктеу
реті) тізімін таңдау үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз.
– немесе –
Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін
басыңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
90 Бап 13 MultiBoot